Азия ойындары: Гандболдан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстаннан басым түсті
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында гандболдан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстаннан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің ерлер құрамасы С тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бахрейн мен Өзбекстан.
Алғашқы кездесуінде қазақстандық спортшылар Бахрейннен 22:45 есебімен жеңілді.
Бүгін ел құрамасы Өзбекстаннан 31:27 есебімен басым түсті.
Енді олар плей-офф сатысында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Ал еліміздің әйелдер құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан.
Алғашқы ойынында олар Таиландты 44:20 есебімен бтізе бүктірді.
Енді қазақстандық гандболшылар 27 қыркүйекте Өзбекстан, 30 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.
Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар жарыстың келесі сатысына шығып, жүлделерді сарапқа салуға мүмкіндік алды.