Азияның тағдыры Азияда шешілуі тиіс - Н.Назарбаев
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанындағы партия мектебінің тыңдаушылары мен профессорлық-оқытушылық құрам алдында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің даму мүмкіндіктері бойынша ой-пікірімен бөлісті.
«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бастамасы кең мойындалды. Бұл бастаманы 1992 жылы БҰҰ 47-ші Бас Ассамблеясында менің көтергенім сіздерге белгілі. Бұл бастаманың өміршеңдігі мен қажеттілігін уақыт көрсетті. Азияда жаңа қауіпсіздік құрылысы бойынша Қытай көтеріп жүрген мәселе осы АӨСШК-нің талап-міндеттеріне сай келеді», - деді Елбасы. ҚР Президентінің айтуынша, Азияның 26 елі арасындағы ынтымақтастық бойынша диалогтың тірегіне айналған форум Азия құрлығының мүддесіне қызмет ететін мүмкіндікке ие.