Б.Имашев АҚШ-тың еліміздегі Уақытша сенімді өкілімен кездесті

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрі Берік Имашев Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті. Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Б.Имашев АҚШ-тың еліміздегі Уақытша сенімді өкілімен кездесті

Кездесу барысында өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу мен сындарлы әңгіме өрбіді. Атап айтқанда, тараптар адам саудасына қарсы күрес саласын, сот шешімдерін орындауды дамыту, сондай-ақ сот сараптамасының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу нәтижесінде АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Б.Имашевқа қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін баса айтты.