Б.Сағынтаев: Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуының техникалық мәселелері шешілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғарышкерді ХҒС-қа аттандырумен байланысты техникалық мәселелер ресей тарабымен «келісілді». Бұл туралы Қазақстанның бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев журналистерге ресейлік әріптесі Дмитрий Рогозинмен келіссөздерінің қорытындылары бойынша брифингте мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.
None
None

«Біз айтқан мәселенің бірі - жалпы біздің азаматымыздың ғарышқа ұшуы жайы. Принципінде қазір мерзімдері белгіленеді, ал техникалық жағы толықтай ресей тарапымен келісілді», - деді Сағынтаев.

Бұдан бұрын Қазақстан ұлттық аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков ТАСС тілшісімен әңгімесінде қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов халықаралық экипаждың құрамында ХҒС-қа ұшуға толық әзір деп атап өтті. Оның айтуынша, республикада бұл жоспар 2009 жылдың өзінде пысықталған болатын, бірақ та пайда болған қаржылық түйткілдерге байланысты кейінгі қалдырылған. «Бірақ та ол кезде ғылыми бағдарлама жасалды және қазір оны жүзеге асыруға болады. Ғарышкерді даярлау да жүргізілді», - деді Молдабеков.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сара Брайтман 1 қыркүйекке жоспарланған ХҒС-қа ұшуды отбасы жағдайымен кейінгі қалдырды. «Ресейғарыш британдық әншінің орнына ХҒС-қа «Союз ТМА-18М» кемесімен кім ұшатыны туралы шешімді әзірге қабылдаған жоқ. «Әртүрлі нұсқалар қарастырылуда - келіссөздер әлі жүріп жатыр. Түпкілікті шешім қабылданған кезде хабарлаймыз», деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар