Б.Сағынтаев пен РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары өзара ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Үкіметі басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

Аталған кездесу Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында өтті.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов екі жақты серіктестік, оның ішінде отын-энергетикалық кешен, өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік саласындағы мәселелердің кең ауқымын талқылады. Кездесу барысында, сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына енуі кезінде қабылдаған міндеттемелері және оларды Еуразиялық экономикалық одақтың келісім базасына имплементациясы талқыланды. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы ынтымақтастықты күшейтуге зор әлеуетті атап өтті. Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) - Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар