Б.Жәмішев алкоголь туралы жаңа заң жобасының жатып қалу себебін атады

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев алкоголь өнімдерінің айналымына қатысты жаңа заң жобасының бұдан екі жыл бұрын дайын болғандығын жеткізді. «Шыны керек, біз біраз уақытты жіберіп қойдық», - дейді ол.
None
None

Б.Жәмішев атап көрсеткендей, аталған құжат 2011 жылы әзірленіп, Үкіметтің қарауына енгізілген болатын. «Алайда Кедендік одақ елдерінің нарықтарына алкоголь өнімдерін жеткізу туралы келісімшартты рәсімдеуге қатысты бастама көтерілгеннен кейін ол заң жобасын талқылаудан алып тастады. Бас кезінде үш елдің келісімшарты аясында жаңа заңға өзгеріс енгіземіз деген ой болған. Дегенмен, қазіргі кезде жағдайға қарасақ, Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің нарықтарына алкоголь өнімдерін жеткізу мәселесінің шешілетін түрі жоқ. Соның салдарынан біз біраз уақытты жіберіп қойдық. Ол уақыттың ішінде еліміздегі алкоголь айналымын реттеп алуға болатын еді», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар