БАӘ алғашқы жолаушылар теміржолын пайдалануға берді

АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Араб Әмірліктерінің алғашқы ұлттық жолаушылар теміржол желісі іске қосылып, Фуджейрадан Абу-Дабиге алғашқы пойыз жолға шықты, деп хабарлайды CNN.

«Пустынный экспресс»: в ОАЭ запустили первую пассажирскую железную дорогу
Фото: CNN

Бірінші пойыз жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5:34–те жолға шығып, Абу-Дабидегі Мұхаммед бин Зайед қалалық станциясына таңғы сағат 7:19–да келіп жетті, шамамен 250 шақырымды 1 сағат 45 минутта жүріп өтті.

Жұмыстың алғашқы күнінде алты пойыз жоспарланған болатын.

Etihad Rail операторының мәліметі бойынша, ашылу алдында 10 мыңнан астам билет сатылды.

Жолаушыларға заманауи жайлылық деңгейі ұсынылады: вагондар кондиционерлермен, Wi-Fi желісімен, құрылғыларды қуаттауға арналған электр розеткаларымен және бекітілген орындармен жабдықталған. Сондай-ақ жайлылығы жоғары әрі қосымша қызметтер ұсынылатын премиум-класс орындары қарастырылған.

Жыл соңына дейін желі Дубай, Әл-Дайда және Әл-Дафра станцияларымен кеңейтіледі, ал келесі жылдың наурыз айының соңына дейін Шардждағы станцияның ашылуымен бүкіл бағыт аяқталады.

Билеттер бағасы Comfort класс үшін 55 БАӘ дирхамы (шамамен 7800 теңге) және Premium класс үшін 120 дирхам (шамамен 17000 теңге) басталады. Etihad Rail қазіргі уақытта әрқайсысының сыйымдылығы 400 жолаушы болатын 13 пойызға ие.

Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 900 шақырымды құрайды. Жоба үкіметтің көміртегі шығарындыларын азайту және экологиялық тұрақты көлік жүйесін дамыту стратегиясының бөлігі.

Бұған дейін Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келген болатын.