Backstreet Boys концерті: Орталық стадионға жанкүйерлер жиналып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Орталық стадионында бүгін әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді.

Ауқымды концерттің басталуына санаулы сағаттар қалды. Қазір Орталық стадионға жиналған көрермендер қарасы көбейіп келеді. Алаң маңында турникеттер, шатырлар, биодәретханалар орнатылып, плакаттар ілінген. Ән кешіне келген адамдар сағат 15:00-ден бастап стадионға кіре бастады.


Ұйымдастырушылар алаңға кіру тек QR-коды бар билеттер арқылы жүзеге асатын және бір билет бір адамға ғана жарамды екенін, сондай-ақ фан-зонаға, VIP Standing пен би алаңына 16 жастан бастап кіруге рұқсат екенін еске салды.


Концерт кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мың полиция қызметкері жұмылдырылған. Одан бөлек жедел жәрдем мен өрт сөндіру бригадалары кезекшілікте тұр.
Концерт аяқталған кейін қаланың әр тарапына арнайы автобус-шаттлдар жүреді:
– Алматы Арена;
– Алматы-1 вокзалы;
– Райымбек/Алатау;
– Орбита;
– Халық Арена;
– Қалқаман.
Еске салайық, әйгілі Backstreet Boys тобы Алматыға кеше келді.
Backstreet Boys тобының мүшесі Александр Джеймс Маклин Қазақстан жайлы алғашқы әсерімен бөлісті.