Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бағдарламалық жобалардың халықаралық байқауында ел намысын қорғайтын студенттер белгілі болды

АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат -  Кеше Алматыда Қазақстандағы «Imagine Cup 2012» бағдарламалар жобаларының студенттік байқауының жеңімпаздары анықталды.

Бағдарламалық жобалардың халықаралық байқауында ел намысын қорғайтын студенттер белгілі болды

Майкрософт Қазақстан компаниясы ұйымдастырған бұл шарада Қазақ-британ техникалық университетінің «Etzookee» командасы үздік шықты. Екінші орынды Н.Назарбаев университетінің «NU Classroom 2.0», ал үшінші орынды Қазақ-британ техникалық университетінің  «Twinect» деп аталатын екінші командасы иеленді. Онда Рүстем Бекмұхаметов, Александр Мурашкин, Есенжар Қанапин, Бауыржан Әблезов пен  Максим Кулештен құралған «Etzookee»  командасы «Archangel» деген жобаларын ұсынған болатын. Оның басты идеясы  - Жедел медициналық көмек, өрт сөндіру сияқты төтенше жағдайлар қызметіндегі қиын және апатты жағдайларда  адамдарға көмектесудің жүйесін жасау туралы. Енді олар  Нокиа компаниясының қолдауымен өтетін ақтық Imagine Cup халықаралық турнирінде ел намысын қорғайтын болады. 2004 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын бұл  дүбірлі дода 2011 жылы АҚШ-тың  Нью-Йорк қаласында өткен болатын.