Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бахрейн Қазақстанда ислам банкі жүйесін дамытуда ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытуда - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бахрейн Қазақстанда ислам банкі жүйесін дамытуда ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытуда.

Бахрейн Қазақстанда ислам банкі жүйесін дамытуда ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытуда - Елбасы

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифамен кеңейтілген құрамдағы кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Арабтар Қазақстанда ислам банкі жүйесін дамытуда ынтымақтастық орнатуға ниетті. Бізге исламдық ірі қаржыландыру орталығы саналатын Бахрейннің тәжірибесі өте қызықтырады»,- деді Елбасы.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті Бахрейн Королімен өткен бүгінгі келіссөздердің жемісті әрі мазмұнды болғандығын атап өтті.

«Бүгін талқыланған барлық мәселеде ортақ түсіністікке келдік. Осының барлығы да біздің көзқарасымыз бен ұстанымымыздың ортақ екендігін, мүддеміздің бір екендігін көрсетті», - деді Н.Назарбаев.