Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы екі ойынына қатыспайды

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық құрама наурыз айында 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы екі ойынын өткізеді.

Бақтиер Зайнутдинов
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті. 

Ел құрамасы іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетеді.

Қарсыластары - Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Матчтар 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 22 наурызда сырт алаңда Уэльспен кездессе, 25 наурызда Лихтенштейнге қарсы ойнайды.

- Бақтиер Зайнутдинов медициналық қаралымның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатыса алмайды. Ойыншымызға тезірек сауығып кеткенін тілейміз, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бақтиер Зайнутдинов құраманың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ ұлттық құрамаға Максим Самородов, Стас Покатилов, Нұралы Әліп пен Георгий Жуков қосылған. Ал Абат Айымбетов, Рамазан Оразов пен Ғалымжан Кенжебек жақын арада келеді.

Ал Дінмұхамед Қараман өз клубына оралды. Ал Дулат Талыспаев пен Давид Есімбеков Алматыда жиын өткізіп жатқан Қазақстан U-21 құрамасына қосылды.

Соңғы жаңалықтар