Баку қаласында Төлеутай Сүлейменовке Экономикалық ынтымақтастық ұйымының сыйлығы берілді

БАКУ. 16 қазан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағанындай, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XII саммитінде Баку декларациясы қабылданды.

Баку қаласында Төлеутай Сүлейменовке Экономикалық ынтымақтастық ұйымының сыйлығы берілді

Құжат қабылданған соң ЭЫҰ сыйлықтарын тапсыру рәсімі өтті. Түрлі саладағы ғылыми-зерттеу еңбектері үшін ЭЫҰ сыйлығына 8 адам ұсынылды.

Білім саласында ЭЫҰ сыйлығы Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, ҚР бірінші Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовке берілді.