Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бакуде Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы өтті

БАКУ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - ҚР Президентінің Әзірбайжанға ресми сапары қарсаңында Бакуде Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша бірлескен үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Бакуде Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы өтті

Үкіметаралық комиссияда өзінің сөйлеген сөзінде Әзірбайжанның өкілі, энергетика және өнеркәсіп министрі Натиг Әлиев Каспий теңізінің қос жағалауына орналасқан екі ел арасындағы саяси қатынастар мен экономикалық ынтымақтастықтардың қарқынды дамып отырғанын және барынша жаңа деңгейге көтерілгенін атады.

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев үкіметаралық комиссияны ұйымдастырғаны үшін әзірбайжандық тарапқа алғысын білдіріп, энергетиканың екіжақты қатынастарда маңызды құраушы болып табылатынын хабарлады. «Үкіметаралық комиссия сарапшыларының кездесуі барысында көптеген мәселелер талқыланды және үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу туралы хаттамаға қол қоюға ықпал ететін жағдайлар пысықталды», - деп мәлімдеді қазақстандық министр.

Сонымен қатар, Н.Әлиев екі ел ұлттарының көшбасшылары Гейдар Әлиев пен Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған екі бауырлас республиканың мызғымас достықтарының арқасында екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті өте жоғары екендігін атады.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша тараптар ӘР мен ҚР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның келесі отырысы туралы хаттамаға қол қойды.