Бакуде Әзірбайжан мен Қазақстанның арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді
БАКУ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Қазанның 1-інде Баку қаласында Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.
Үкіметаралық комиссия отырысына Қазақстан тарапынан -ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, ал Әзірбайжан жағынан - Өнеркәсіп және энергетика министрі Натиг Алиев бастаған делегациялар қатысады.
Мәжілісте екі елдің ауыл шаруашылығы, энергетика, білім салаларындағы ынтымақтастық мәселелері мен бірқатар басқа проблемалар талқыланады деп күтілуде.