Бакуде Қазақстан Конституциясы күнін мерекелеуге байланысты баспасөз мәслихаты өтті

БАКУ.  Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін Баку қаласындағы «Жаңалықтар» халықаралық баспасөз орталығында Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы елшілігі ҚР Конституциясының 14 жылдығын мерекелеуге орай баспасөз мәслихатын өткізді.
None
None

Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Серік Пірімбетов өз сөзінде 1995 жылғы тамыздың 30-ында бүкілхалықтық референдумда республиканың Негізгі заңының қабылдануы тарихы туралы айтып берді, ол осы құжаттың арқасында бүгінде Қазақстан алға қойған міндеттеріне ойдағыдай қол жеткізгенін атап өтті.

«2007 жылғы мамырдың 21-інде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрамында елдің барлық саяси күштері бар арнайы консультативтік-кеңесші орган Конституцияға өзгерістер енгізудің тұтас блогын әзірледі, соның нәтижесінде Қазақстан президенттік басқарудан президенттік-парламенттік республикаға айналды», - деп атап көрсетті С.Пірімбетов.

Сонымен қатар Елші демократиялық дамудың қазақстандық жолын әлемдік қоғамдастық танығанын атап өтті. «Негізгі заңда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары кепілдендірілген және айқын тұжырымдалған», - деді қазақстандық дипломат.

Қазақстанның Әзірбайдандағы елшілігі Конституция күнін мерекелеу ауқымында бірқатар әзірбайжандық БАҚ-тарда республиканың Негізгі заңының арқасында жүзеге асырылып жатқан Қазақстан өмірінің барлық саласындағы іргелі реформалар туралы хабарлар таратты.   

Соңғы жаңалықтар