Бақытжан Сағынтаев ТМД ҮБК отырысына қатысу үшін Минскіге келді

МИНСК. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегация ТМД үкімет басшылары кездесуінің отырысына қатысу үшін Минскіге келді.
None
None

Отырыс Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Мясниковичтің төрағалығымен «Президент-Отельде» өтеді.

ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ТМД-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша жиырмадан астам құжат жобаларын қарайды деп күтілуде.

Атап айтқанда, 2020 жылға дейінгі кезеңде және 2012-2014 жылдарға арналған ТМД-ға мүше мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығы мемлекетаралық бағдарламасының 2013 жылы орындалып, жүзеге асу барысы талқыланады.

Бірқатар келісімдерге, оның ішінде ғылыми-техникалық ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы, ТМД мемлекеттерінің көлік саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімдерге қол қою жоспарланған.

Алдағы бірнеше жылға радионавигация және гидрометеорология саласында ынтымақтастықты дамыту бойынша шаралар белгіленіп, тауарлардың шыққан елін анықтау бойынша ережелерге өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ ТМД ҮБК отырысында экономикалық блокпен бірге гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін де қарау жоспарланған. Достастықтағы елдердің ұлттық спортын дамыту және ТМД елдеріндегі жануарларда аусыл дертінің жайылу қаупіне қарсы күрес шаралары қолға алынбақ.

Бірқатар білім беру мекемелеріне Үкімет басшылары ТМД-ға мүше мемлекеттердің базалық ұйымдары дәрежесін береді. Достастық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәмелетке толмағандарды өз мемлекеттеріне қайтару, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың салдарын жою, қарулы күштерді топогеодезиялық және навигациялық қамту, Достастық елдерінің қарулы күштерінің инженерлік әскерлерінің гуманитарлық минасыздандыру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастыру көзделген.

Сонымен қатар, ТМД ҮБК отырысында монополияға қарсы саясат бойынша халықаралық кеңес пен Достастыққа мүше мемлекеттердің мәдени ықпалдастығы бойынша кеңесінің қызметіне баға беріледі.

Үкімет басшылары қаржылық және кадр мәселелері бойынша бірқатар шешім қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар