Бақытжан Жұмағұлов Халықаралық инженерлік академияның вице-президенті болып сайланды
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Кеше, 21 қазан күні құрылғандығының 20 жылдығына орай Халықаралық инженерлік академияның жиналысы өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы штаб-пәтері Мәскеу қаласында орналасқан Халықаралық инженерлік акалдемияның құрамына кіреді.
21 қазан күні өткен жиналыста Халықаралық инженерлік академияның басшылығы сайлады. Академияның президентігіне бірауыздан академик Борис Гусев, ал бірінші вице-президенттігіне академик, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов сайланды.
Халықаралық инженерлік академияның құрамы жаңа мүшелермен толықты, олардың ішінде Қазақстаннан 2 академик пен 4 корреспондент мүше бар.