Бала құқықтарын бұзу деректері бойынша шағым азайды ма

АСТАНА. KAZINFORM — Бала құқықтарын бұзу деректері бойынша 20-ға жуық шағым болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова мәлім етті.

балалар
Фото: freepik.com

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында балабақшаларға қатысты ата-аналардың шағымдары жөніндегі сұрақ қойылды.

- Шағымдарды ресми органдар (полиция) тіркейді, олар бізге бұл статистиканы бермейді. Дегенмен, бізге түскен шағымдар бойынша әрекет етеміз. Атап айтқанда, балалар құқықтарының бұзылуының бірде-бір жағдайы болмауы керек екенін түсінемін. Бірақ егер шағымдар түсіп жатса, онда мұндай деректер анықталып жатқанын білдіреді. Жыл басынан бері шағымдар 20-дан аспаған. Мәселен, үш жыл бұрын статистикада 38-ге дейін осындай дерек тіркелді. Бұл тұрғыда статистикада айтарлықтай төмендеу бар. Мұндай бірде-бір жағдай болмауы керек екенін түсінеміз, - деді Манара Адамова.

Айта кетейік, Қазақстанда балаларға арналған ұйымдарды тексеру тәртібі өзгерді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2027 жылы мектепке дейінгі білім беруі ұйымдарын лицензиялау енгізіледі