Бала вагонның астына өзі түсті - Павлодардағы трамвай жүргізушісі

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Трамвай жүргізушісі кеше кешкісін Павлодарда трамвайдың баланы басып кетуіне байланысты түсінік берді. Жүргізуші  баланың вагонның астына өзі келіп түскенін айтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«21-і күні мен 62-вагонда бесінші бағыт бойынша жұмыс істедім. Қайырбаев қиылысынан өтіп, вокзал жаққа бет алдым. Алайда, Лермонтов көшесіндегі аялдамаға жете бергенде, жол жиегінде бір баланың тұрғанын байқадым. Мен бірнеше рет тежегішті басып, дыбысты сигнал бердім. Бірақ бала мүлде елемеді. Оған жақындай бергенде тұрған тұрысы жүгіріп кеткелі тұрғандай көрінді. Мен бірден шұғыл тежегішті бастым, вагонның мүмкіндігі жеткен барлық тоқтату амалдарын жасадым. Шұғыл тежегішті басу кезінде бала маған қарай жүгіріп, вагон астына қарай секірді... Осының бәрін мен өз көзіммен көріп тұрдым», - деді трамвай жүргізушісі Балзада Раисова.

«Дереу жедел жәрдем және полиция шақырдық. Мен жүгіріп, қоңырау шалып жүргенде жолаушылар арасында болған бұрынғы ТЖМ қызметкері баланы шығаруға көмектесті. Ол есін біліп жатты, бірақ сөйлей алмады», - деді Б.Раисова.

Жүргізуші болған оқиғадан кейін қанында алкоголь бар-жоғын анықтайтын сараптамадан өтіп, полиция бөлімшесінде түсініктеме бергенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар