Балабақшадағы орындарды заңсыз таратқан білім бөлімінің басшысы жазаланды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласының прокуратурасы балабақшада орын бөлу тәртібін сақтамау және оларды заңсыз бөлу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша, мектепке дейінгі мекемелерге, көру және сөйлеу кемістігі бар балаларға арналған мамандандырылған топтарға заңсыз келген 16 бала балабақшадан шығарылып, кезек тәртібі қалпына келтірілді», - делінген қала прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Білім бөлімінің ұйғарымымен балабақшадағы кезегі бұзылған 8 балаға жолдама берілді.

Нәтижесінде осындай заңсыз әрекеттері үшін Рудный қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы жазаланды. Ол «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ведомствода мәлім еткендей, балаларды балабақшаға кезекке қою және қабылдау үшін өтінішті электронды түрде беруге болады.

Соңғы жаңалықтар