Балалар күніне Қызылорда полицейлері де үлес қосуда

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті балалар мерекесіне арнап жарыс өткізді.
None
None

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бүгін «Динамо» спорт кешенінде облыстық ІІД мен «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы» облыстық кеңесінің ұйымдастыруымен «Динамо - Қазақстан балаларына» акциясы аясында ұйымдастырылды. Жасөспірімдерден құралған аула топтары командалары арасында жүгіру, арқан тарту, шағын футболдан жарыстар болды.

Бәсекеге 1996-1998 жылдары туылған жасөспірімдерден құралған «Сырдария», «Динамо», «Арлан», «Арай», «101», «264», «198» аула топтары командалары және Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілерінен құралған барлығы 10 команда қатысты.

Сайыста өз мықтылықтарын байқатып, 60 метр жүгіру, арқан тарту, шағын футболдан өткен жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар әзірлеген дипломдар, кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар