«Балалар үйі түлектерінің арасында кедейлікті төмендету» жобасы шеңберінде 277 балаға әлеуметтік қызмет көрсетілді

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат -  «Еуразия» қорымен Орталық Азияда  жүзеге асып жатқан «Балалар үйі түлектерінің арасында кедейлікті төмендету» жобасы шеңберінде 277 балаға әлеуметтік қызмет көрсетілді.
None
None

Бұл туралы бүгін  «Балалар үйінің түлектері үшін ілкі қызметтер» атты баспасөз мәслихаты барысында қор жобасының менеджері Ирина Найденова мәлім етті.

Қор өкілінің айтуынша, «Еуразия» қорымен және осы қордың әріптестерімен әзірленген постинтернаттық қолдау үлгісі бүгінгі күні Астанада, Қостанай, Павлодар мен Шымкент қалаларында  жасөспірімдер үйлері базасында сынақтан өткен. Бұл ретте қолдау бағытында психологиялық консультацияларды, әңгімелесу бойынша тренингтерді, дау-дамайды шешуге арналған іс-шаралар қамтылып отыр. Бұдан бөлек, балалар үйінің түлектері арасында өзіне сенімділікке тәрбиелеу, қаржылық сауаттылық пен жұмысқа орналасу бойынша тәжірибелік сыныптар өткізу,  үй шаруашылығын жүргізу бойынша курстар ұйымдастыру, заңгер консультациясын жүргізу жұмыстары да қарастырылған. «Бұндай шаралар 2011 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында жүргізілді. Ал жобаны жүзеге асыруға 187 942 еуро мөлшерінде қаржылық қолдауды Қазақстан Республикасындағы Еуроодақ өкілдігі жүзеге асырды», - дейді И. Найденова.

Сөз соңында ол Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер үйлері психологтар мен әлеуметтік қызметкерлермен толық қамтамасыз етілуі қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар