Балаларға арналған «Аялаған Астана» республикалық конкурсы басталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері «Аялаған Астана» III республикалық поп-орындаушылардың балалар конкурсы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
None
None

Сараптау кезеңдері Алматы және Талдықорған қаласында өткізілді. 8 және 12 жас аралығындағы әнші балаларды іріктеу енді барлық облыстар орталықтарында жалғасын табады. Екі қалада өткізілген сараптау кезеңдерінің қортындысы бойынша жүзге жуық бала сайысқа қатысуға өтініш білдірген.

«Аялаған Астана» балалар байқауы Астана қаласы әкімдігі мен танымал ресейлік «АРС» компаниясымен ұйымдастырылған. Конкурсқа «Нұр Отан» партиясы мен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы қолдау көрсетуде. Байқаудың басты мақсаты - республика бойынша жас дарындарды тауып, олардың өнерін барша халыққа таныстыру. Іріктеу кезеңінің қортындысы бойынша 12 финалист іріктеліп, жазғы демалыс уақытында бір айға Астанаға келіп, елорданы тамашалау мүмкіндігіне ие болады, әрі ән айту, актерлік шеберлік, хореография және нағыз кәсіби оркестрмен ән салу шеберліктеріне үйренеді. Ал байқаудың ақтық мәресі «Қазақстан» Ұлттық арнасының тікелей эфирінде Астана Күні мерекесін тойлау аясында 4-6 шілде аралығында өткізіледі. Биылғы байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған.

«Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы Қазақстан намысын Халықаралық «Детская Новая волна» - 2015 байқауында қорғайтын болады. Өткен екі жылда бұл сайысқа «Аялаған Астана» байқауының жеңімпаздары көкшетаулық Болат Батырбаев пен астаналық Мұхаммедәлі Жүгінісов қатысқан болатын. 2013 жылы Болат Батырбаев байқаудың ең стильді әншісі аталса, 2014 жылы Мұхаммедәлі Қазақстанға алғашқы лауреаттық атақ алып келді. Ол конкурстың 3-ші жүлдесін иемденді. Биылғы «Аялаған Астана» байқауының қортындысы қалай болатынын уақыт көрсетер. Ал әзірше республика бойынша байқаудың іріктеу кезеңі жалғасады.

Астанадағы іріктеу сәуір айының 24-25 күндері Оқушылар сарайында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар