Баланы құтқарған павлодарлық әйелге «Ерлігі үшін» медалі табыс етілді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ТЖМ «Ерлігі үшін» медалі баланы құтқарып қалған Ақсу ауылдық аймағы Евгеньевка ауылының тұрғыны Галина Битлянға табыс етілді, деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД.
None
None

Аяғы ауыр әйел жағдайына қарамастан сең жүре бастаған өзенге секіріп, баланы құтқарып қалды.

Бұл оқиға 28 наурызда орын алған. Галина Битлян кішкентай ұлын ертіп, Ақсудағы Белая өзенінің жағажайында серуендеуге шыққан. Сол маңайда 2 бала ойнап жүреді. Сәлден соң ол жағажайда бір баланың ғана тұрғанын байқаған. Жақынырақ келгенде жұқа мұздың жарылып, баланың бірі суға түсіп кеткенін көріп қалады. Баланың қорыққаны соншалық, тіпті айқайлап көмек сұрауға да шамасы келмеген көрінеді.

Әйел оны құтқару үшін суға секіріп, жағаға алып шығарды. Бұл жерде көмекке келген адамдар да жәрдемдесті. Куәгерлер құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ақ халаттылар бала мен аяғы ауыр әйелді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер оған және жатырдағы баласына қауіп төнбегеніне көз жеткізді.

Медаль мен бағалы сыйлықты ұсынған соң Ақсу тұрғындары ержүрек әйелге алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар