Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Балқаш ЖЭС-і құрылысын қаржыландырудың 70 пайызы негізінен кореялық «Эксимбанкке» тиюі мүмкін

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Балқаш ЖЭС-і құрылысын қаржыландырудың 70 пайызы негізінен кореялық «Эксимбанкке» тиюі мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.

Балқаш ЖЭС-і құрылысын қаржыландырудың 70 пайызы негізінен кореялық «Эксимбанкке» тиюі мүмкін

Еске салсақ, палата депутаттары «2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр стансасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан мен Корея Республикасының Үкіметтері арасындағы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлданған болатын.

Ал Балқаш жылу электр стансасының құрылысына акционер ретінде қазақстандық тараптан «Самұрық-Энерго» АҚ, ал корей тарапынан «Корея Электрик Пауэр Корпорейшн» мен «Самсунг Корпорейшн» кіріп отыр. ҚР Вице-премьері-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, жобаны қаржыландыру құрылымы (70%) қарыздық қаржыландыруды және (30%) акционерлер жарналарын құрайды. Бұл ретте «Балқаш ЖЭС-і» АҚ-ға: «Самұрық-Энерго» АҚ (25%+1 акция), Самсунг Си энд Ти корпорациясы (75%+1 акция) пропорционалды қатысу үлестеріне тартуды көздейді.

«Егер жалпы қаржыландыруға келсек, корей тарапының жеке қатысуы 900 млн. долларды, ал қазақстандық тарап атынан «Самұрық-Энерго» АҚ қатысуы 300 млн. долларды құрайды. Бұл жоба құнының 30 пайызы, қалған 70 пайызы қарыздық қаржыландыру ретінде және негізінен кореялық «Эксимбанк» тарапынан көзделіп отыр», - дейді Ә. Исекешев.