Балконнан секіртпек болған күйеуін пышақтап өлтірді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ауыр қылмыс жасаған әйелге қатысты айыптау үкім шығарды.
None
None

Күйеуін өлтірген әйел 7 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Қаракөз Сәрсенбаева хабарлады.

Сотталушы алдын ала тергеу кезінде айыбын толық мойындады. Оқыс оқиға былай өрбіген. Ол үйіне келгенде, азаматтық некедегі күйеуінің таныс адаммен бірге арақ ішіп отырғанын көреді. Өзі де бірнеше рюмканы тартып салған. Әлгі кеткен соң күйеуі екеуінің арасында жанжал туындайды. Ол оны шашынан сүйреп, балконға апарып, «секір» деген көрінеді. Сол кезде сотталушы сытылып шығып, үйге кіріп кеткен. Артынша пышақпен нан турап тұрған кезде күйеуі артынан келіп қылқындырады. Пышақ сол кезде сұғылған. Сот талқылауында күдікті кінәсін мойындамай, алдын ала тергеудегі сөздерді қысыммен айттым деген уәж келтірді. Ол пәтерден шыққан кезінде есіктің ашық қалғанын, қайтып келген кезде күйеуі өліп жатқанын көргенін мәлім еткен. Бірақ, іс бойынша жасалған сараптамалардың қорытындыларымен, куәлердің жауаптарымен оның кінәсі толық дәлелденді. Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабының 1 бөлігімен айыпты деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

Соңғы жаңалықтар