20:02, 23 Тамыз 2017 | GMT +5
Баллон жарылып, 50 мектеп оқушысы аурухана түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның орталық бөлігіндегі Мадхья-Прадеш штатында аммиакты баллонның жарылуы салдарынан шамамен 50 оқушы ауруханаға түсті.

Business Standard басылымының мәліметінше, оқушылар өздерін нашар сезініп, көбі ес-түсінен айырылған.
Олар медициналық мекемеде көмек көрсетілгеннен кейін ғана үйлеріне қайтарылды.
Полиция қызметкерлері төтенше жағдайдың жай-жапсарын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жарылыс газдың шығып кетуі салдарынан болған.