Бангкок әуежайы қалыпты жұмыс режиміне көшті
АСТАНА. KAZINFORM - Бангкоктағы Суварнабхуми әуежайы Мьянманың орталығында болған 7,7 балдық күшті жер сілкінісі және көршілес Таиландтағы жерасты дүмпулерінен кейін қалыпты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.

Әуежай Мьянмадағы Сагайн қаласынан солтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде болған жер сілкінісінен кейін шамамен екі сағаттан соң жұмысын қайта бастағанын жариялады.
Жұма күні Бангкоктан ұшуды жоспарлаған бір жолаушы CNN-ге жер сілкінісінен кейінгі дүрбелең салдарынан рейсін кейінге қалдырғанын айтты.
Таиланд астанасының екінші әуежайы Донмыанг та ұшақтарды жөнелтіп, қабылдайды.
«Джакарта мен Сеулден рейстер жаңа ғана келді, біз Куала-Лумпурдан рейс күтеміз», - деп хабарлады ТАСС агенттігіне әуежайдың ақпарат қызметі.
Бұған дейін Таиланд астанасында көпқабатты үй құлаған болатын.
Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланды.