Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артып барады

АСТАНА. KAZINFORM — Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 17 адамға жетті, 32 адам жараланды, 83 адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасап ТАСС жазды.

Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артып барады
Фото: x.com/ BKK_community

Еске сала кетейік, 28 наурыз күні Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркеліп, Қытайдың Юньнань провинциясындағы Баошань, Сишуанбаньна-Дай автономиялық облысы, Пуэр және Куньмин қалаларының тұрғындары да күшті жер сілкінісін анық сезінген еді.

Сондай-ақ, сілкініс дүмпуі Таиланд астанасы Бангкок пен Лаос астанасы Вьентьянда да анық байқалғаны хабарланды.

Күшті жер сілкінісі дүмпуінен, Бангкокта көпқабатты үй қираған болатын. 

Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланды. 

Таиланд премьер-министрі Бангкокты «төтенше жағдай аймағы» деп жариялады.

Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің ақпараты бойынша жер сілкінісіне байланысты осы елдегі отандастарымыздан қандай да бір өтініштер келіп түспегені хабарланды.

Ал, соңғы мәліметке сай Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1600-ден асқаны белгілі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар