«Барыс» алтыншы ойын қатарынан жеңіске жете алар емес
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы 28 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Салават Юлаев» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында реесйлік клубтың басымдығы байқалып тұрды. Ойынның небәрі 25-секундында Джош Ливо есеп ашса, 11-минутта Нэйтан Тодд есепті үстемелей түсті.
Ал 18-минутта Никита Зоркин мергендік танытса, одан кейін Джош Ливо 26, 39-минутта екі мәрте көзге түсті.
Ресейлік клубтан Шелдон Ремпал 49-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:6 есебімен есе жіберді. Бұл - елордалық клубтың қатарынан алтыншы жеңілісі.
Енді елордалық клуб алдағы екі ойынын Астанада өткізеді. Алдымен 5 қаңтарда Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубымен кездессе, 7 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Торпедо» командасына есе жіберді.