«Барыс» ойыншылары бас директордың қызметінен кетуіне байланысты бейнеүндеу жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Елордалық «Барыс» командасының хоккейшілері әлеуметтік желіде бұрынғы бас директор Нұрлан Оразбаевты қолдау мақсатында бейнеүндеу жолдады.

8 сәуірде команданың баспасөз қызметі бас директордың қызметінен кеткені жөніндегі ақпаратты жариялаған еді. Қазақстандық маман аталған лауазымға 2024 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.
— Біз, «Барыс» хоккей клубының ойыншылары, бұрынғы бас директор Н. Оразбаевтың қызметінен кетуі жөніндегі шешіміне байланысты мәлімдеме жасауды жөн деп шештік. Нұрлан Сайранұлы «Барыс» хоккей клубының қалыптасуының басында тұрды. Барлық ойыншы оған сенеді және оның кәсіби деңгейіне ешқандай күмән келтірмейді. Оның клуб жүйесіне келуі жергілікті ойыншылардың даму векторына да айтарлықтай өзгеріс әкелді, - деді хоккейшілер.
Сондай-ақ олар бұл маусымда қазақстандық хоккейшілерге көп мүмкіндік берілгенін, жергілікті ойыншылардың айдынға шығып, өнер көрсетуі жағынан да рекордтық көрсеткішке жеткенін атап өтті.
— Бас директор тарапынан тұрақты түрде қолдау көрсетілді. Біз толық сенім артылғанын сездік және ол алдағы уақытта «Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасына пайдасын тигізетініне сендік. Нұрлан Сайранұлы қазақстандық хоккейшілерге әр ойында жанкүйер болады және бізді әрқашан қолдайды. Ол команданың әр дайындығы мен оқу-жаттығуына қатысады. Біз осы ретте оған өз алғысымызды білдіргіміз келеді, - деді хоккейшілер бейнеүндеуінде.
Бұған дейін Нұрлан Оразбаевтың «Барыс» командасының бас директоры қызметінен кеткенін хабарлған едік.