«Барыстың» ҚХЛ-дың жаңа маусымына дайындығы қашан басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Барыс» командасының жаңа маусым алдындағы дайындық жоспары белгілі болды.

«Барыстың» ҚХЛ-дың жаңа маусымына дайындығы қашан басталады
Фото: "Барыс" хоккей клубы

Оқу-жаттығу жиынының негізгі бөлігі Астана қаласында өтеді. Алдымен медициналық комиссия тексеруінен кейін екіжақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер 15 шілдеден бастап дайындыққа кіріседі. Ал 1 тамыздан бастап біржақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер олардың қатарына қосылады.

Елордалық команда 26-29 тамыз аралығында Ресейдің Магнитогорск қаласындағы халықаралық «Иван Ромазан мемориалы» турниріне қатысады.

Ал 1 және 2 қыркүйек күндері елордада «Барыс Аренада» Ресейдің «Сибирь» командасымен бақылау ойынын өткізеді.

Сондай-ақ 3-6 қыркүйек аралығында Құрлықтық хоккей лигасының 2025-26 жылғы маусымына соңғы дайындық болады. Чемпионаттың тұрақты кезеңінің басталуы 7 қыркүйекке белгіленген. Бұл күні елордалық команда Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасын қабылдайды.

Еске салсақ, шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы қашан өтетіні белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар