Бас көлік прокуратурасы «Алматы-Атырау» бағытындағы пойыздың апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас көлік прокуратурасы «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

«19 сәуір күні сағат 17.55 кезінде Атырау облысында «Алматы-Атырау» бағыты бойынша бет алған №42 пойыз апатқа ұшырады. Оқиға орнына Атырау облысының ТЖД құтқарушылар күші жөнелтілді. Бас көлік прокуратурасы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады» деп жазылған ҚР ТЖМ таратқан баспасөз хабарламасында. Алдын ала болжам бойынша, оқиға орнынан 7 адам ауруханаға жеткізілген, қазір өзге жолаушыларды эвакуациялау жүргізілуде. Қаза тапқандар жоқ. Ведомствоның мәлімдеуінше, төтенше жағдай бақылауда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушыларды Атырау мен Мақат станцияларына жеткізуге қосымша 14 вагон жөнелтті.

Соңғы жаңалықтар