Бас прокуратура есірткіге қатысты ақшаны бақылауға арналған ЖИ платформасын іске қосты

АСТАНА. KAZINFORM —  Бас прокуратурада Шымкент қаласыпрокуратурасының отандық IT-әзірлеушілермен бірлесіп құралған есірткі қылмысына қарсы күреске арналған екі инновациялық құрал «CryptoTrace» және «ProkAi» таныстырылды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

жасанды интеллект
Фото: Gov.kz

Екі жоба да Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» идеологемасын қоғамда ілгерілету шеңберінде өтеусіз негізде іске асырылды және прокуратураның теңгеріміне берілді.

«Crypto Trace» — бұл жаңа буынның іздеу жүйесі, ол желідегі транзакцияларды талдауға және есірткі бизнесінің ақшасын анықтауға көмектесетін.

«ProkAi» — интернеттегі есірткі саудасын анықтауға қабілетті интеллектуалды платформа.

Жасанды интеллект 24/7 жұмыс істейді және кәсіби маманға қарағанда ондаған, тіпті жүздеген есе көп іздеу операцияларын орындауға қабілетті.

— «ProkAi» чат-боты жұмыс істеген үш айдың ішінде 2 000-нан астам дропперлер шоты анықталды. Бағдарлама қылмыскерлерден алынған SimBox құрылғыларының көмегімен есірткі дүкендерінің жүздеген нөміріне қосылады және қылмыстық шоттардың кең ауқымын қамтамасыз етеді, — деп жазды Берік Асылов.

Жаңа құралдар ресурстарды оңтайландыруға және кадрларды басқа да басым міндеттерді шешу үшін босатуға мүмкіндік береді.

— Бағдарламалық өнім нақты тергеп-тексеруде есірткі дүкеніне қатысты қылмыстық іс бойынша сыналды. Дропперлердің 15 мыңнан астам шоты оның ішінде 2 мыңға жуығы қазақстандық, 13 мыңнан астамы шетелдік және 620 криптовалюта шоттары анықталды. Жүзден астам дропперлер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Соңғы пайда табушылардың нақты крипто-әмияндарын тез арада анықтауға мүмкіндік туды, бұл тергеп-тексерудің тиімділігін едәуір арттырды. Бұл әмияндарда шамамен 5 млн USDT сомасына активтер бар, бұл есірткіні сатудан болатын заңсыз қаржылық ағындардың айтарлықтай көлемін көрсетеді. Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлері мен IT-компаниясының әзірлеушілеріне «Заң мен Тәртіпті» қамтамасыз ету ісінде «ақылды» шешімдер жасауға қосқан елеулі үлесі үшін мен алғыс жарияладым, — деді ол.

Әзірленген бағдарламалар бүкіл ел бойынша азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғау үшін енгізілетін болады.

ЖИ құқықтық тәртіптің бір бөлігіне айналады бұл тек тергеп-тексеруге ғана емес, сонымен қатар технологияны қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алуға да көмектеседі.

Айта кетелік Қарағанды облысында 900 келіден астам есірткі тәркіленді

Соңғы жаңалықтар