Бас прокуратура: Қазақстанда «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту-2017» жобасы басталады
«2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасының басты мақсаты - жазасын өтеушілерді қоғамға пайдалы еңбекке тарту арқылы олардың жұмыспен қамтылу мәселесін шешу. Сондықтан біз бүгін «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту-2017» атты жаңа жобаны іске қосуды дұрыс деп шештік. Ол бұған дейінгі бастамалардың заңды жалғасы болады», - деді Жақып Асанов.
Ол сондай-ақ өз сөзінде жобаның неге 2017 жылы басталатынын түсіндірді. «2017 жылғы дейінгі 3 жылда заңдарды әзірлеп, түзеу мекемелеріне активтерін қайтарып, жаңа талаптарға түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілерді де, қызмет етушілерді де бейімдеп, жұмыспен қамту мәселесінде белгілі бір нәтижелере жетіп үлгеру қажет», - дейді Ж. Асанов.
Оның айтуынша, «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту-2017» жобасы PRI стандарттары бойынша әзірленген. Жобаның басты мақсаты 2018 жылға дейін сотталғандардың 75 пайызын еңбекпен қамтамасыз ету.
Айта кетейік, форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов, Парламент депутаттары және басқа да меморган өкілдері қатысуда.