Бас прокуратура кісі өлтірмек болған адамды Корея Республикасынан экстрадициялады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің көмегімен кісі өлтіруге оқталған күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.

Подозреваемый в покушении на убийство доставлен из Южной Кореи в Казахстан
Фото: кадр видеодан алынды

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған тұлға 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан.

Төбелес барысында күдікті қарсыласының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген және биыл маусым айында сонда ұсталған.

Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторында жатыр.

Күдікті сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кету керек, күдіктіні экстрадициялау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шартының арқасында мүмкін болды.

Соңғы жаңалықтар