Бас прокуратура Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай спорттық шаралар ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратурада Тәуелсіздік пен Прокуратура күнінің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде, Бас Прокурордың Кубогы үшін мини футбол мен волейболдан прокуратура органдарының ведомствоішілік чемпионатының алғашқы кезеңі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат вдеомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай спорттық шаралар ұйымдастырды

Іс-шараны ашқан Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель прокуратура қызметкерлері арасында бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту Бас прокуратура жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылатындығын атап өтті.

Прокурорлар басқа меморгандар ұйымдастыратын түрлі спорттық жарыстарға ұдайы қатысып тұрады және жүлделі орындарға д ие болған.

Бұдан бұрын, алдыңғы топтық матчтардың қорытындысы бойынша мини футбол мен волейболдан өткен чемпионаттың финалдық сатысына 20 команда шыққан болатын.

Спорттық жарыстар 2016 жылдың 15-18 қарашасы аралығында өтетін болады. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыста өтеді.