Бас сүйектермен безендірілген үй көршілердің зәресін алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минск маңында жергілікті тұрғын аймақтағы барлық көршілерін үрейлендіретін үй тұрғызды, деп жазады Лента.ру
None
None

Адамдарды үрейлендіретіні үйдің айналасына адамның бас сүйектері орнатылып, шатырдан қолдар мен жын-шайтандар кейіптері салбырап тұрады.
null  
null 

Көршілердің айтуынша, бастапқыда үй  әдеттегідей қарапайым болған. Уақыт өте келе, одан бас сүйектер мен қолдар «өсіп шығып», маңынан өткен ересектердің өзі үркетін жағдайға жеткізген.

Бір қызығы үй иесінің дәл осындай кескіндемелермен безендірілген көлігі де бар болып шықты.
null 

Бұл үйді қожайыны он жыл бұрын салып бастаған. Жергілікті  тұрғындар көршілерінің бұл шешіміне наразылық танытып, жергілікті билікке бірнеше рет шағымданып көріпті. Алайда олар үй жеке иелікте болғандықтан, иесінің келісімінсіз билік ештеңе істей алмайтындықтарын айтқан.  

Соңғы жаңалықтар