Басқа елдер Кеден одағына бұған дейін қол қойылған шарттардың негізінде қосыла алады - ҚР Премьер-Министрі

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Басқа елдер Кеден одағына, бұған дейін қол қойылған шарттардың негізінде қосыла алады. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда өткен Кеден одағы жоғарғы органының мәжілісінен кейінгі баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады.
None
None

«Кеден одағына басқа да елдердің қосылуына мүдделілік білдіреміз, олар бұған дейін қол қойылған шарттардың негізінде қосыла алады», - деді К.Мәсімов.

Ресей Премьер-Министрі Владимир Путин өз кезегінде, Кеден одағына, одан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуға ЕурАзЭҚ-тың көптеген мүшелері ниет білдіргенін айтып өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған елдердің ықпалдастыққа экономикалық дайындықтары туралы мәселе туындап отыр. В.Путиннің айтуынша, ықпалдастық үшін экономикалық база біртіндеп құрылып келеді.

Соңғы жаңалықтар