Баспасөзде ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына қол қойды. Заң мәтіні бүгін республикалық БАҚ-та жарияланды. Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру жəне олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу жəне оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу жəне оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Заңға сәйкес, Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер нұсқауда көрсетілгеннен басқа бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда көрсетілгеннен басқа сомаға жасалған төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқаудан негізсіз бас тартқаны немесе оны уақтылы орындамағаны не нұсқауды тиісінше орындамағаны үшін төлемге жəне (немесе) ақша аударымына қатысушылар өздерінің арасындағы шартта жəне Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тəртіппен жəне мөлшерлерде жауаптылықта болады. Сонымен қатар төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының рұқсат етілмеген операцияны өтеу туралы өтініші негізінде рұқсат етілмеген төлем фактісін анықтау бойынша шаралар қолданады жəне осындай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оған рұқсат етілмеген операция мөлшерінде ақша сомасын өтейді не өздерінің арасындағы шартта көзделген тəсілмен себебін көрсете отырып, рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді
Сондай-ақ айта кетейік, аталған заң қолданысқа енгізілгеннен кейін «Ақша төлемi мен аударымы туралы» ҚР Заңының күші жойылды.
«ҚазАқпарат» заңның толық мәтінін таратады.
***
Қазақстан Республикасының Заңы
Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру жəне олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу жəне оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу жəне оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы шот - банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот; 2) ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтер - клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің бұйрық бойынша жəне клиенттің келісімімен оның банктік шоты бойынша ақша қалдықтары жəне (немесе) қозғалысы туралы, осы шот бойынша жүзеге асырылған төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты жəне клиенттің сұратуы бойынша не клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасында жасалған шарт бойынша өзге де ақпаратты клиентке немесе үшінші тұлғаға ұсынуы жөнінде көрсетілетін қызметтері; 3) ақша аударымдары жүйесі - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін келісім жасасқан төлем жүйесі операторының бағдарламалық қамтамасыз етуі пайдаланыла отырып, ақша аударымдары жүзеге асырылатын төлем жүйесі; 4) ақша аударымы - көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің төлемдіжүзеге асыруға немесе өзге де мақсаттарға байланысты клиенттің ақша беру туралы нұсқауын дəйектілікпен орындауы; 5) ақша жөнелтуші - төлем жəне (немесе) ақша аударымы өз есебінен жүзеге асырылатын тұлға; 6) ақша жөнелтушінің банкі - ақша жөнелтушіге қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 7) ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі - ақша жөнелтушінің осы тапсырмада көрсетілген шарттар мен деректемелерге сəйкес өз атынан бір немесе бірнеше бенефициардың пайдасына тұрақты төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы ақша жөнелтушінің банкіне тапсырмасы; 8) аутсорсинг - көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттық-технологиялық функцияларды орындауды көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін қызметтерді өтеулі ұсыну туралы шарттың (аутсорсинг туралы шарт) негізінде үшінші тұлғаларға беруі; 9) банкаралық ақша аударымдарыжүйесі - қатысушылары арасында төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақшаны пайдалана отырып, қатысушысының əрбір нұсқауын операциялық күн ішінде ақша аударымдарын аяқтай отырып жеке орындау арқылы жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі; 10) банкаралық клиринг жүйесі - жүйеге қатысушы банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын қатысушылар нұсқауларының көпжақты клирингі арқылы жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі; 11) банктік шот - клиенттің банктегі немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерінжүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерінжүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету жəне есепке алу тəсілі; 12) банктік шотты тікелей дебеттеу - банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақшажөнелтушіден ақшаны алып қоюыжəне ақша жөнелтушінің осындай алып қою туралы алдын ала рұқсатының негізінде оларды бенефициардың пайдасына беруі; 13) бастамашы - орындау үшін нұсқау берген тұлға; 14) бенефициар - төлем жəне (немесе) ақша аударымы өз пайдасына жүзеге асырылатын тұлға; 15) бенефициардың банкі - бенефициарға қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 16) валюталау күні - төлемніңжəне (немесе) ақша аударымының бастамашысы бенефициардың банктік шотына ақша есепке жатқызылуға тиіс болғанда төлем құжатында көрсеткен күн; 17) есептік тіркеу - төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу; 18) жинақ шоты - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік салым шартының негізінде ашатын банктік шот; 19) жиынтық төлем тапсырмасы - бір ақша жөнелтушіден бір банкте қызмет көрсетілетін бірнеше бенефициардың пайдасына не бір банкте қызмет көрсетілетін бірнеше ақша жөнелтушіден бір бенефициардың пайдасына төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын төлем тапсырмасы; 20) жөнелтуші - нұсқау беретін ақша жөнелтуші немесе бенефициар; 21) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің жұмыс істеуін бағалау - осы төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сəйкестігін айқындау мақсатында төлем жүйесінің операторы, төлем жүйесінің операциялық орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе халықаралық қаржы ұйымдары жүзеге асыратын шаралар кешені; 22) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингі - төлем жүйелеріне қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру шеңберінде төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде туындайтын тəуекелдерді басқару, барынша азайту жəне болжау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын, жүйелік маңызы бар төлем жүйелерін бақылап отыру жəне байқау процесі; 23) жүйелік маңызы бар төлем жүйесі - үздіксіз жұмысы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін жəне жұмысының тоқтауы (іркілуі) Қазақстан Республикасының қаржы нарығында тəуекелдердің туындауына əкеп соғуы мүмкін төлем жүйесі; 24) инкассолық өкім - ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қою үшін пайдаланылатын төлем құжаты; 25) клиент - көрсетілетін төлем қызметін алатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі; 26) клиринг - өзара ақша талаптары мен міндеттемелерін жинау, салыстырып тексеру жəне есепке жатқызу процесі, сондай-ақ осы процеске қатысушылардың таза позицияларын айқындау; 27) корреспонденттік шот - банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жəне оның клиенттерінің операцияларды орындау үшін корреспондентік шот шарты негізінде ашылатын, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік шоты; 28) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші - көрсетілетін төлем қызметтері нарығының көрсетілетін төлем қызметін ұсынатын субъектісі; 29) көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші - клиенттің банктік шотына қызмет көрсетпейтін жəне клиентке өзінің қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші; 30) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші - осы Заңда белгіленген өлшемшарттарға сəйкес келетін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші; 31) көрсетілетін төлемқызметтерінің нарығы - көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынумен жəне пайдаланумен, сондай-ақ төлем құралдарын шығаруменжəне пайдаланумен байланысты қатынастардың жиынтығы; 32) көрсетілетін төлемқызметтерінің нарығынмемлекеттік бақылау (бұдан əрі - көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын бақылау) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметін бақылауды жүзеге асыруға бағытталған қызметі; 33) көрсетілетін төлем қызметі - көрсетілетін төлем қызметін беруші клиентке осы Заңның 12-бабына сəйкес көрсететін қызмет; 34) қашықтан қол жеткізу жүйесі - электрондық көрсетілетін банк қызметтерін алу үшін клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялар, цифрлық жəне ақпараттық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарының жəне жабдықтардың жиынтығы; 35) қосалқы төлем агенті - көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөнінде төлем агентімен агенттік шартты жасасқан заңды тұлға немесе дара кəсіпкер; 36) нұсқау - төлем жəне (немесе) ақша аударымы бастамашысының көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру туралы өкімі, ол тапсырма, талап нысанында немесе электрондық төлем құралы немесе қашықтан қол жеткізу жүйесі пайдаланылған кезде клиенттің келісімі түрінде болады; 37) операциялық күн - төлем жүйесінің операторы не көрсетілетін төлем қызметтерін беруші нұсқауларды орындауды тоқтата тұру не мұндай нұсқауларды кері қайтару туралы нұсқауларды, өкімдерді қабылдауды жəне өңдеуді жүзеге асыратын уақыт кезеңі; 38) өзге төлем жүйесі - жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі болып табылмайтын төлем жүйесі; 39) сəйкестендіру құралы - нұсқауды жөнелтушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе əріптер, цифрлар немесе символдар комбинациясынан тұратын бірегей сəйкестендіруші немесе көрсетілетін төлем қызметін беруші клиентті сəйкестендіру үшін белгілеген жəне онымен келісілген өзге де сəйкестендіруші (дербес пароль, бірреттік (біржолғы) сəйкестендіру коды, биометрикалық сəйкестендіру құралы); 40) таза позиция - төлем жүйесіндегі есеп айырысу төлем жүйесіне қатысушылар нұсқауларының көпжақты клирингі арқылы жүзеге асырылатын жағдайда, төлем жүйесіне барлық қатысушылардың төлем жүйесіне бір қатысушысының пайдасына бағытталған нұсқауларының сомасы мен төлем жүйесіне осы қатысушының төлем жүйесіне қалған қатысушылардың пайдасына бағытталған нұсқауларының сомасы арасындағы айырманың мəні. Таза позицияның мəні теріс болған кезде қатысушыда дебеттік таза позиция, мəні оң болған кезде - кредиттік таза позиция болады; 41) төлем - қолма-қол ақшаны жəне (немесе) төлем құралдарын пайдалана отырып ақшалай міндеттемені орындау; 42) төлем агенті - банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен немесе төлем ұйымымен көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шартты жасасқан заңды тұлға; 43) төлемгежəне (немесе) ақша аударымына қатысушылар - төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша құқықтары жəне (немесе) міндеттері бар жеке жəне заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері; 44) төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз жəне үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын қызметі; 45) төлем жүйесі - төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды төлем жүйесі операторының жəне (немесе) төлем жүйесіне қатысушылардың рəсімдерді, инфрақұрылымды жəне осы төлем жүйесінің операторы белгілеген қағидаларды қолдану арқылы өзара іс-қимыл жасаужолымен қамтамасыз етілетін қатынастардыңжиынтығы; 46) төлем жүйесіне қатысушы - төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысу туралы шарт жасасқан банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 47) төлем жүйесінің жұмыс істеуін өзіндік бағалау - осы төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сəйкестігін айқындау мақсатында төлем жүйесінің операторы, төлем жүйесінің операциялық орталығы жүзеге асыратын шаралар кешені; 48) төлем жүйесінің инфрақұрылымы - төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің, ресурстар мен технологиялардың жиынтығы; 49) төлем жүйесінің операторы - төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жəне осындай қызметке жататын, осы Заңда белгіленген міндеттерді орындайтын заңды тұлға; 50) төлем жүйесінің операциялық орталығы - төлем жүйесінің операторы осы заңды тұлғаға қатысты оның қызметін реттеу жəне аталған ұйымның құқықтық мəртебесін өзгерту туралы шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жағдайда, төлем жүйесінің операторы осы заңды тұлға мен төлем жүйесінің операторы арасында жасалған шарт негізінде не оған өкілеттіктер беру арқылы операциялық жəне технологиялық функцияларды жүзеге асыруды тапсырған заңды тұлға; 51) төлем карточкасы - ұстаушысына электрондық терминалдар немесе басқа байланыс арналары арқылы төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға не қолмақол ақша алуға не валюталарды айырбастауды жəне төлем карточкасының эмитенті айқындаған жəне оның шарттарымен басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат қамтылған электрондық төлем құралы; 52) төлем карточкасын шығару - төлем карточкасын ұстаушыға төлем карточкасын беруді көздейтін төлем қызметі; 53) төлем карточкасының эмитенті - төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыратын банк немесе Ұлттық пошта операторы; 54) төлем құжаты - қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, соның негізінде немесе көмегімен төлем жəне (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжат; 55) төлем құралы - төлем жəне (немесе) ақша аударымы соның негізінде немесе ол пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын төлем құжаты немесе электрондық төлем құралы; 56) төлемнің жəне (немесе) ақша аударымының аяқталуы (түпкілікті болуы) - қатысушының төлемге жəне (немесе) ақша аударымына міндеттемесі орындалды деп есептелетін уақыт кезі; 57) төлем ордері - клиент пен оған қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру жəне (немесе) клиенттің банктік шотына қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын төлем құжаты; 58) төлемталабы - бенефициарнемесебенефициардыңбанкі ақша жөнелтушінің банкіне ұсынатын, төлем құжатында көрсетілген ақша сомасын ақша жөнелтушінің банктік шотынан төлеу туралы төлем құжат; 59) төлем тапсырмасы - ақша жөнелтушінің өз банкіне немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы төлем құжатында айқындалған ақша сомасын бенефициардың пайдасына аудару туралы нұсқауы көзделетін төлем құжаты; 60) төлем ұйымдарының тізілімі - есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының бірыңғай тізбесі; 61) төлем ұйымы - коммерциялық ұйым болып табылатын, осы Заңға сəйкес көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы; 62) төлем хабарламасы - төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын банктік шотты ашпай жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жəне ақша жөнелтушінің өзіне қызмет көрсететін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлем құжатында көрсетілген сомада бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы тапсырмасы қамтылатын төлем құжаты; 63) чек - чек берушінің қызмет көрсететін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жазбаша бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы осындай бұйрық қамтылатын төлем құжаты; 64) чек беруші - чек жазып берген тұлға; 65) чек ұстаушы - өз пайдасына чек жазылған тұлға, оның ішінде, егер чекті ол өзіне жазса, чек беруші; 66) шетелдік төлем жүйесі - операторы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын төлем жүйесі; 67) электрондық ақша - электрондық нысанда сақталатын жəне электрондық ақша жүйесінде жүйеге басқа да қатысушылар төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша эмитентінің шартсыз жəне кері қайтарып алынбайтын ақшалай міндеттемелері; 68) электрондық ақша жүйесі - электрондық ақша жүйесі операторының электрондық ақша эмитентіменжəне (немесе) электрондық ақша иелерімен өзара іс-қимыл жасауы арқылы электрондық ақшаны пайдалана отырып, төлемдерді жəне өзге де операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың жəне ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы; 69) электрондық ақша жүйесінің агенті (бұдан əрі - агент) - банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Ұлттық пошта операторыжəне электрондық ақша эмитентімен не электрондық ақша жүйесінің операторымен жасалған шарттың негізінде электрондық ақшаны кейіннен жеке тұлғаларға өткізу үшін эмитенттен жəне ақша иеленуші жеке тұлғалардан оны сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын төлем агенті; 70) электрондық ақшажүйесінің операторы - электрондық ақшаны пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді жəне беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа сəйкес электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын айқындайтын банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы; 71) электрондық ақшаны өтеу - электрондық ақша эмитентінің өзі шығарған, электрондық ақшаның иесі ұсынған не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгенжағдайларда иеленушісі оларды ұсынбастан ауыстыруға жататын электрондық ақшаны олардың номиналдық құнына тең ақша сомасына айырбастауды жүзеге асыруын көздейтін көрсетілетін төлем қызметі; 72) электрондық ақшаны пайдалану - азаматтыққұқықтық мəмілелер бойынша төлемдіжəне (немесе) меншік құқығының электрондық ақшаға өтуімен байланысты өзге де операцияларды жүзеге асыру мақсатында электрондық ақша иесінің оларды электрондық ақша жүйесінің басқа қатысушысына беруі; 73) электрондық ақшаны шығару - электрондық ақша эмитентінің электрондық ақшаныжеке тұлғаға немесе агентке олардың номиналдық құнына тең ақша сомасына айырбастау арқылы беруін көздейтін көрсетілетін төлем қызметі; 74) электрондық ақша эмитенті - осы Заңға сəйкес электрондық ақшаны шығаруға жəне өтеуге құқығы бар көрсетілетін төлем қызметтерін беруші; 75) электрондық көрсетілетін банктік қызметтер - көрсетілетін төлем қызметтерін жəне ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу үшін қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы клиенттің өз банктік шотына қол жеткізуімен байланысты көрсетілетін қызметтер; 76) электрондық терминал - төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын не қолма-қол ақшаны қабылдау жəне (немесе) беру операцияларын жүзеге асыруға не шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға не өзге де операция түрлерін жүзеге асыруға, сондай-ақ тиісті растау құжаттарын қалыптастыруға арналған электрондықмеханикалық қондырғы; 77) электрондық төлем құралы - төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жасауға өкілеттігі бар ақша жөнелтушіге төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға бастамашы болуға, сондай-ақ ақша жөнелтуші мен электрондық төлем құралының эмитенті арасындағы шартта көзделген өзге де операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын төлем карточкасы немесе өзге де электрондық жеткізгіш; 78) электрондық төлем құралын ұстаушы - электрондық төлем құралының эмитентімен жасалған шарттың талаптарына сəйкес электрондық төлем құралын пайдаланатын немесе иеленетін жеке тұлға; 79) электрондық төлем құралының эмитенті - электрондық төлем құралын шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға; 80) эскроу-шот - клиент айқындаған шарттардың басталуына немесе орындалуына дейін банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасауға үшінші тұлғаның құқығын шектей отырып, клиент осы тұлғаның атына ашатын ағымдағы шот немесе жинақ шоты. 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында төлемдерді жəне ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ төлем жүйелерінің жəне көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу процесінде туындайтын қатынастардың субъектілері болып табылатын жеке жəне заңды тұлғаларға қолданылады. 2. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын халықаралық төлемдерменжəне (немесе) ақша аударымдарымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен (қаржы институттарымен) байланысты қатынастар «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олардың арасындағы шарттармен жəне банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дəстүрлерімен реттеледi. Егер халықаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша əрекеттер Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, онда мұндай қатынастар осы Заңмен, көрсетілген шарттармен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде iскерлiк айналым дəстүрлерімен реттеледi. 3. ОсыЗаңныңбанктерге қатыстықолданылатынталаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына қолданылады. 3-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасыратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидаларықолданылады. 4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер жəне төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын; 2) нысандарын, тізбесін, ұсыну мерзімділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тəртібі айқындалатын, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша мəліметтер беру қағидаларын; 3) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын; 4) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын; 5) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын; 6) операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымыболып табылатын төлемжүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын; 7) банкаралық төлем карточкалары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын; 8) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын; 9) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын; 10) банктердің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну қағидаларын; 11) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырыпжүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды; 12) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану жəне өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне жəне электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды; 13) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу жəне жабу қағидаларын; 14) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мəліметтер беру қағидаларын бекітеді, оларда нысандарын, тізбесін, ұсыну мерзімділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оларды ұсыну тəртібі айқындалады; 15) экономика секторларының жəне төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын; 16) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын; 17) банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын; 18) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына жəне бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды; 19) банктердің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін; 20) банктік шоттың бар екендігі жəне нөмірі туралы анықтаманы жəне банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысытуралыүзінді көшірмені ресімдеугежəне олардың мазмұнына қойылатын талаптарды; 21) көрсетілетін төлем қызметтерін маңыздыберушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын; 22) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын; 23) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін; 24) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызылатын көрсеткіштерді; 25) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін бекітеді. 2. Төлемдер жəне төлем жүйелері саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады жəне өзге де өкілеттіктерді іске асырады. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелерін реттеуді жəне оларды қадағалауды (оверсайтты), көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеуді жəне оларды бақылауды Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырады. 2-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ 5-бап. Төлем жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар 1. Төлем жүйесінің ұйымдастырылу жəне жұмыс істеу тəртібі осы төлем жүйесінің операторы белгілеген қағидаларында айқындалады. 2. Төлем жүйесінің қағидаларында: 1) төлем жүйесінің жұмыс істеу рəсімдері, оның ішінде төлем жүйесінде ақша аударымдарын жүзеге асыру, төлем хабарларының форматтарын қолдану тəртібі, төлем жүйесінің жұмыс кестесі жəне төлем жүйесіндегі тəуекелдерді басқару жүйесі; 2) төлем жүйесінің операторы ұсынатын көрсетілетін қызметтердің жəне төлем жүйесінде жүзеге асырылатын операциялардың сипаты; 3) төлем жүйесіне қатысу шарттары; 4) төлем жүйесіне қатысушылардың оның операторымен өзара іс-қимыл тəртібі; 5) төлемжəне (немесе) ақша аударымыбойынша нұсқауды кері қайтарып алу рəсімдері; 6) төлем жүйесіне қатысушылардың төлем қабілетсіздігін реттеу тəртібі; 7) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау тəртібі; 8) төлемжүйесі қағидаларын бұзғаныүшін төлемжүйесіне қатысушыға қолданылатын шаралар қамтылуға тиіс. 3. Төлем жүйесінің қағидаларына осы төлем жүйесіне қатысушылардың басқа төлем жүйелеріне қатысуын (оның ішінде айрықша қатысу туралы шарт түріндегі нормаларды), сондай-ақ басқа төлем жүйелеріне осы төлем жүйесінің инфрақұрылымына қызмет көрсететін тұлғалардың (осы төлем жүйесі операторының жұмыскерлері болып табылатын адамдарды қоспағанда) қызмет көрсетуін шектейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады. 4. Төлемжүйесінің қағидалары, осықағидаларға өзгерістер мен толықтырулар, төлем жүйесі операторының тарифтері (көрсетілетін қызметтер құны) туралы жəне осы тарифтердің (көрсетілетін қызметтер құнының) барлық өзгерістері туралы мəліметтер оларды төлем жүйесінің операторы бекіткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде төлем жүйесі операторының интернет-ресурсында жариялануға жатады. Төлем жүйесі операторының тарифтеріне (көрсетілетін қызметтер құнына) өзгерістерді ол осындай өзгерістерді негіздейтін қаржылық есеп-қисаптардың негізінде енгізеді. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында төлемжүйесіжұмыс істей бастаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай құжаттарды: 1) төлем жүйесі операторының орналасқан жері туралы мəліметтерді; 2) атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мəліметтерді; 3) осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттар орналастырылған, төлем жүйесінің операторы интернетресурсының домендік аты туралы мəліметтерді; 4) төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан көп үлесі (акциясы) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мəліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды. 6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысқан жағдайда, осы банк (осы ұйым) төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысуға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде солардың негізінде төлем жүйесіне қатысу жүзеге асырылатын шарттардың көшірмелерін бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осындай қатысу туралы жазбаша хабарлайды. 7. Осы баптың 5 жəне 6-тармақтарында көрсетілген ақпаратта: 1) төлемжүйесінің аты, төлемжүйесі операторының атауы мен заңды мекенжайы; 2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған немесе төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға шарт жасалған күн қамтылуға тиіс. 8. Төлем жүйелеріндегі ақша аударымы клиринг нəтижелері бойынша не бастамашының əрбір нұсқауын жеке-дара орындау арқылы жүргізіледі. 9. Клиринг нəтижелері бойынша ақша аударымы төлем жүйесіне қатысушылардың қарсы ақшалай талаптары мен міндеттемелерін есепке жатқызу процесі аяқталғаннан кейін орын алады. 10. Банкаралық клиринг жүйесінде клиринг нəтижелері бойынша ақша аударымы оған қатысушылардың ақшасы банкаралық ақша аударымдары жүйесінде пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. 11. Бастамашының əрбір нұсқауын жеке-дара орындау арқылы ақша аударымы басқа нұсқаулар бойынша туындайтын өз құқықтары мен міндеттемелеріне қарамастан жүзеге асырылады. 12. Төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем қабілетсіздігін реттеу тəртібі төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын аяқтау үшін ақша тарту əдістерін айқындауға тиіс. Төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем қабілетсіздігін реттеу тəртібіне қойылатын негізгі талаптар төлем жүйесінің операторы оларды бекіткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде төлем жүйесі операторының интернет-ресурсында жариялануға жатады. 13. Төлем жүйесінің қағидаларын, осы қағидаларға өзгерістермен толықтыруларды, төлемжүйесі операторының тарифтерін (көрсетілетін қызметтер құнын) жəне осы тарифтердің (көрсетілетін қызметтер құнының) барлық өзгерістерін төлем жүйесінің операторы жəне оған қатысушылар төлем жүйесі операторының интернет-ресурсында жарияланған күнінен ерте болмайтындай етіп қолданады. 6-бап. Төлем жүйелерінің түрлері, олардың маңыздылығын айқындаудың өлшемшарттары мен тəсілдері 1. Төлем жүйелері, оның ішінде шетелдік төлем жүйелері мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жүйелік маңызы бар төлем жүйесі; 2) маңызды төлем жүйесі; 3) өзге төлем жүйесі. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлемжүйесі жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сəйкес келген кезде оны жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне жатқызады: 1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының валюта нарығына қатысушылардың ақшалай міндеттемелері бойынша төлемдержəне (немесе) ақша аударымдарыосытөлемжүйесі арқылы жүргізіледі; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізуі мақсатындағы төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүргізіледі. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне жатқызылған жүйелерді қоспағанда, төлем жүйесін ол мынадай өлшемшарттардың кез келгеніне сəйкес келген кезде маңызды төлем жүйесіне жатқызады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы ұлттық валютада төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады; 2) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы шетел валютасында төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы халықаралық төлемдержəне (немесе) ақша аударымдарыосытөлемжүйесі арқылы жүзеге асырылады; 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша аударымдары жүйелері үшін белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады; 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы төлем карточкаларымен есеп айырысулар бойынша банкаралық төлемдер осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне мынадай тəсілдердің бірінің негізінде: 1) төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша өзі дербес; 2) төлем жүйесінің белгіленген маңыздылық өлшемшарттарына сəйкестігін растайтын құжаттар қоса беріле отырып, төлем жүйесі операторының жазбаша өтінішінің негізінде жатқызады. 5. Төлем жүйесі жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бес жұмыс күні ішінде: 1) осы төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесі ретінде төлем жүйелерінің тізіліміне енгізеді; 2) осыақпараттыөзінің интернет-ресурсындажариялайды; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, төлем жүйесінің операторын төлем жүйесінің жүйелік маңызы бар не маңызды төлем жүйесіне жатқызылғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. 6. Төлем жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мəліметтерді төлем жүйелерінің тізіліміне енгізген күннен бастап жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызылады. 7-бап. Төлем жүйелерінде төлемдердің жəне (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы (түпкілікті болуы) 1. Төлем жəне (немесе) ақша аударымы осы төлем жəне (немесе) аударым пайдасына жүзеге асырылған төлем жүйесіне қатысушыға ақша есепке жатқызылғаннан кейін төлем жүйесінде аяқталды (түпкілікті болды) деп есептеледі. 2. Жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операторы төлем жəне (немесе) ақша аударымы төлем жүйесіне келіп түскен кезде нұсқауларды дереу өңдеу мен орындауды көздейтін нақты уақыт режимінде немесе ағымдағы операциялық күннің соңына дейін төлем жүйесінде олардың аяқталуына (түпкілікті болуына) кепілдік береді. 3. Төлем жүйесіне қатысушы соттың клиентке қатысты шығарылған жеделдетілген оңалту рəсімін, борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу рəсімін, оңалту рəсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінің көшірмесін өзі алғанға дейін төлем жүйесіне жіберген төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары кері қайтарып алынбайтын жəне түпкілікті болып табылады, орындалуға жəне аяқталуға жатады. 8-бап. Төлем жүйесінің операторы жəне оған қатысушылар 1. Төлем жүйесінің операторы болып табылмайтын заңды тұлғаның өз атауында «төлем жүйесі» деген сөздерді жəне одан туындайтын, өзінің төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын көздейтін сөздерді пайдалануға құқығы жоқ. 2. Төлем жүйесінің операторы: 1) төлем жүйесінің қағидаларын белгілейді жəне оларды төлем жүйелеріне қатысушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 2) төлем жүйесіне қатысушылардың (қатысушыларға) төлем жəне ақпараттық хабарларын өңдеуді жəне беруді, нұсқауларды жеке орындауды немесе клирингті жүзеге асырады; 3) төлем жүйесіне қатысушымен төлем жүйесіне қатысу туралы шарт жасасады; 4) төлем жүйесіндегі тəуекелдерді басқару жүйесін айқындайды; 5) төлем жүйесі инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 6) ақпараттық қауіпсіздік шараларының жəне қызметтің үздіксіз болуының сақталуын қамтамасыз етеді; 7) төлем жүйесіне қатысушылардың өздері көрсететін қызметтерге тең жəне ашық қол жеткізуін қамтамасыз етеді; 8) төлемжүйесі операторының қызметін басқаружөніндегі ішкі құжаттарды бекітеді; 9) төлемжүйесіне қатысушыларменжасалған шарттардың негізінде өзге де міндеттерді орындайды. 3. Төлем жүйесі операторының төлем жүйесінің операциялық орталығына операциялықжəне технологиялық функцияларды жүзеге асыруға тапсырма беруіне жол беріледі. Операциялық функциялар осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген функциялардықамтиды. Технологиялық функциялар осы баптың 2-тармағының 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген функцияларды қамтиды. 4. Шетелдік төлем жүйесінің операторы төлем жүйесіне қатысушылар арасында ақша аударымдарын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында банкаралық ақша аударымдары жүйесі не банктер немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерінжүзеге асыратын ұйымдар арқылы қамтамасыз етеді. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің не маңызды төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің жұмыс істеу процесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне: 1) төлем жүйесінің қағидаларына бекітілген өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өзгерістер мен толықтырулар туралы; 2) төлем жүйесі операторы тарифтерінің (көрсетілетін қызметтер құнының) өзгеруі қолданысқа енгізілген күнге дейін он бесжұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өзгерістер туралы мəліметтерді ұсынады. 9-бап. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторларына арналған талаптар 1. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы ішкі құжаттарда: 1) басқару органының өкілеттіктерін жəне жұмыс регламентін; 2) жоғары, атқарушыбасқару органдарыныңөкілеттіктерін; 3) төлем жүйесіндегі тəуекелдерді басқару жүйесін; 4) төлем жүйесіне қатысушыларменжəне төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынушы үшінші тұлғалармен дауларды сотқа дейін шешу тəртібін; 5) көрсетілетін қызметтердің сапасымен төлем жүйесіне қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру солар бойынша бағаланатын төлем жүйесі жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету өлшемшарттарын айқындайды. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының Заңы Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы (Жалғасы 8-бетте) 8 www.egemen.kz 10 тамыз 2016 жыл жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы олар бекітілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялайды. 3. Төлем жүйесіндегі тəуекелдерді басқару жүйесі: 1) тəуекелдерді анықтау, өлшеу, тəуекелдер мониторингі жəне оларды басқару; 2) төлем жүйесі қызметінің үздіксіз болуын қамтамасыз ету рəсімдерін айқындайдыжəне төлемжүйесі операторының қызметін қалпына келтіру жоспарын қамтиды. 4. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған нысандар бойынша жəне тəртіппен мəліметтер мен есептерді, оның ішінде төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиенттері жүзеге асырған төлемдердің көлемдері бойынша мəліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады. 5. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиенттері мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша айқындалады: 1) төлем жүйесіне қатысушының клиенті микроқаржы ұйымы немесе кредиттік серіктестік болып табылады; 2) төлем жүйесіне қатысушы клиентінің осы төлем жүйесі арқылы бір жылда жүзеге асырылған төлемдердің жəне (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлеміндегі үлесі он немесе оннан көп пайызды құрайды. 6. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы: 1) төлем жүйелеріне қатысушылардың көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы тұрғысынан олардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді; 2) төлем жүйелеріне қатысушылармен кері байланыс тетігінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 7. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы жылына бір рет есепті кезеңнен кейінгі бірінші тоқсаннан кешіктірмей, есепті жылда келіп түскен өтініштер мен сұрау салуларды кері байланыс тетігі арқылы қарау нəтижелерін ескере отырып, қатысушылардың көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы тұрғысынан төлем жүйесінің жұмыс істеу тиімділігінежүргізілген талдау нəтижелерін өзінің интернетресурсында жариялайды. 8. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сəйкестігі тұрғысынан оның жұмыс істеуін: 1) жүйелік маңызы бар төлем жүйелері бойынша үш жылда бір реттен сиретпей; 2) маңыздытөлемжүйелері бойынша бесжылда бір реттен сиретпей, өзіндік бағалауды жүргізеді. Операциялық жəне технологиялық функцияларды жүзеге асыру жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операциялық орталығына тапсырылған жағдайда, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін өзіндік бағалауды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы жəне операциялық орталығы бірлесіп жүргізеді. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне жүргізілген өзіндік бағалаудың нəтижелерін жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесінің операторы болатын жағдайларды қоспағанда, оны жүргізу аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады. 9. Төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сəйкестігі туралы ақпаратты көрсететін, төлем жүйесінің жұмыс істеуіне жүргізілген өзіндік бағалаудың негізгі нəтижелері жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының бағалау аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялауына жатады. 3-тарау. КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ 10-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер 1. Көрсетілетін төлем қызметтерін мынадай берушілер: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; 2) банктер; 3) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; 4) пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыратын пошта операторы; 5) төлем ұйымдары; 6) төлем агенттері; 7) қосалқы төлем агенттері ұсынады. 2. Осы Заңның мақсаттары үшін банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем ұйымдары, төлем агенттері жəне қосалқы төлем агенттері ретінде қаралмайды. 11-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерді айқындаудың өлшемшарттары мен тəсілдері 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні ол мынадай өлшемшарттардың біріне сəйкес келген кезде көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызады: 1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының резиденттері операторлары болып табылатынжүйелік маңызы бар немесе маңызды төлемжүйесінде төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді; 2) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын шығару жəне Қазақстан Республикасының аумағында жəне шет елде оларды пайдалана отырып операцияларды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынудыҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді; 3) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші электрондық ақшаны шығару, өтеужəне олардыпайдалана отырыпжүзеге асырылған операцияларды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді; 4) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын пайдаланбай, электрондық терминалдар жəне қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынудыҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді; 5) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының аумағында жəне шет елге ақша аударымдары жүйесі арқылы ақша аудару бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді; 6) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының аумағында жəне шет елге банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді; 7) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы төлемдерін, жəрдемақы төлемдерін, əлеуметтікжəне өзге де төлемдерді ұйымдастыру менжүзеге асыруды қамтамасыз етеді; 8) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының көрсетілетін төлем қызметтері нарығында көрсетілетін төлем қызметтерін өзге де берушілер ұсынбайтын көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге мынадай тəсілдердің бірімен: 1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша өзі дербес; 2) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің белгіленген маңыздылық өлшемшарттарына сəйкестігін растайтын құжаттар қоса беріле отырып, көрсетілетін төлемқызметтерін берушінің жазбаша өтінішінің негізінде жатқызады. 3. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші маңыздылар қатарынажатқызылғанжағдайдаҚазақстанРеспубликасының Ұлттық Банкі осы көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізіліміне енгізеді, көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді жəне көрсетілген мəліметтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды. 4. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші: 1) басқару органының құрамын, өкілеттіктерін жəне жұмыс регламентін; 2) басшылық етуші органның өкілеттіктерін; 3) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің қызметіне тəн тəуекелдерді басқару жүйесін; 4) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші мен мүдделі тұлғалар арасындағы мүдделер қайшылығын шешу тəртібін; 5) клиенттердің көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануы тұрғысындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындайды. 5. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің қызметіне тəн тəуекелдерді басқару жүйесі: 1) тəуекелдерді анықтау, өлшеу, тəуекелдер мониторингі жəне оларды басқару рəсімдерін; 2) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметтің үздіксіз болуын қамтамасыз ету рəсімдерін жəне оның қызметін қалпына келтіру жоспарын айқындайды. 6. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзі ұсынған көрсетілетін төлем қызметтері бойынша мəліметтерді ұсынады; 2) көрсетілетін қызметтер сапасына бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді жəне жүргізілген бағалау нəтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады. 12-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері 1. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері: 1) банктік шотты пайдалана отырып төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер; 2) банктік шоттарға, оның ішінде үшінші тұлғалардың банктік шоттарына есепке жатқызу үшін қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер; 3) ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер; 4) банктік шотты ашпай ақша аударуды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер; 5) электрондық ақшаны шығару жəне өтеу бойынша көрсетілетін қызметтер; 6) төлем карточкаларын шығару бойынша көрсетілетін қызметтер; 7) электрондық ақшаны жəне төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша көрсетілетін қызметтер; 8) электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау жəне өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер; 9) клиент электрондық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу жəне төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті ақпарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер. 2. Көрсетілетін төлем қызметтеріне: 1) төлеушінің көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің қатысуынсызжүзеге асырылатын міндеттемелері бар тұлғаға (тұлғаларға) төлемдіжүзеге асыратын тұлғаның (төлеушінің) қолма-қол ақша беруі бойынша көрсетілетін қызметтер; 2) банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау бойынша көрсетілетін қызметтер; 3) қайырымдылық немесе коммерциялық емес қызмет мақсатында ақша жинау жəне беру бойынша көрсетілетін қызметтер; 4) банктік шотты ашпай қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер; 5) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға технологиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін, оның ішінде деректерді өңдеуге жəне сақтауға, көрсетілетін төлем қызметтерін алушыларды аутентификаттауға, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде пайдаланылатын электрондық терминалдар мен жабдықтарды пайдалануға беруге жəне технологиялық қолдауға байланыстыкөрсетілетін қызметтер; 6) электрондық төлем құралдарының эмитенті ұсынатын не оның үй-жайларында ұсынылатын тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған немесе тауардың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрін тауардың немесе көрсетілетін қызметтің осы түрін берушімен (берушілермен) жасалған шарт негізінде сатып алуға арналған электрондық төлем құралдарын шығаруға жəне пайдалануға байланысты көрсетілетін қызметтер; 7) бенефициар дара кəсіпкер, заңдытұлғажəне көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы соңғысының үшінші тұлғалардың қатысуынсыз төлеушілерден қабылданған төлемдер бойынша бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруы кезінде ақпараттық жəне технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтер жатпайды. 13-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясынсыз немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеусіз Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға тыйым салынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар төлем агенттерініңжəне қосалқы төлем агенттерінің, сондайақ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес лицензиясыз жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметіне қолданылмайды. 2. Көрсетілетін төлем қызметтерін: 1) банк клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге жəне аударым операцияларын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде не Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз қызметін жүзеге асыратын банктер осы Заңның 12-бабының 1-тармағында тізбеленген төлем қызметтерінің кез келген түрлерін; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақшаның екінші жəне үшінші бөліктерінде көрсетілген төлем қызметтерін берушілерді қоспағанда, осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2) - 4), 7) - 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін қоспағанда, аударым операцияларын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде көрсетеді. Бұл ретте: қаржықұралдарыменмəмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын ұйым клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін; Ұлттық пошта операторы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2) - 9) тармақшаларындакөзделгенкөрсетілетін төлем қызметтерін, сондай-ақ клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген көрсетілетін төлем қызметін ұсынады; 3) пошта операторыосыбаптың 12-тармағында белгіленген шарттарды сақтай отырып, пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады. Пошталық ақша аударымдары бойынша қызметтер көрсету тəртібі «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі; 4) төлем ұйымы есептік тіркеудің тіркеу нөмірі болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7) - 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін; 5) төлем агенті жəне қосалқы төлем агенті банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жəне төлем ұйымдары үшін рұқсат етілген көрсетілетін төлем қызметінің түрлері шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3) жəне 7) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады. 3. Төлем ұйымы банкпен немесе төлем агентіменжасалған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт негізінде банктің төлем агенті не қосалқы төлем агенті ретінде көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыруға құқылы. Төлем ұйымы қызметтерді берушімен жасалған шарт болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады. Банкпен жасалған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт болған кезде төлем ұйымының клиенттің банктік шотын ашпай бюджетке төлемдер қабылдау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуына жол беріледі. Шарттарда ақшаны төлем ұйымының банктік шотынан қызмет берушінің банктік шотына есепке жатқызу тəртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ төлем ұйымына көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаны үшін сыйақы беру тəртібі жəне төлем ұйымын көрсетілетін төлем қызметін ұсынуға тарту шарттары көзделуге тиіс. 4. Көрсетілетін төлем қызметі клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындажасалған шарт негізінде көрсетіледі, онда мынадай елеулі талаптар болуға тиіс: 1) көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері жəне жалпы сипаттамасы; 2) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың тəртібі жəне ең ұзақ мерзімі; 3) алынатын алымдар мен комиссиялардың мөлшері немесе осы ақпарат қамтылған интернет-ресурсты көрсету жəне оларды алу тəртібі; 4) көрсетілетін төлем қызметі туралы ақпарат ұсыну тəртібі; 5) рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау əрекеттерінің тəртібі; 6) көрсетілетін төлем қызметін шетел валютасымен көрсету кезінде қолданылатын айырбастау бағамын айқындау тəртібі; 7) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметін ұсынудан бас тарту құқығы сақталатын шарттар; 8) рұқсат етілмеген көрсетілетін төлем қызметтері жөніндегі мəселелерді реттеу тəртібі; 9) клиенттің шартты бұзуға құқығы; 10) наразылықтар білдіру жəне даулы жағдайларды шешу тəртібі; 11) нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартқаны жəне тиісінше орындамағаны үшін залалды өтеу бойынша төлемнің тəртібі мен мөлшері. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде қажетті қосымша талаптарды көздеуі мүмкін. 5. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші осы баптың 4-тармағында көзделген шарт талаптарын клиент үшін оларды жақсарту жағына біржақты тəртіппен өзгертуге құқылы. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиентті өздері арасындағы шартта көзделген тəртіппен жəне мерзімдерде комиссиялардың өзгергені туралы хабардар ететін халықаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылған кезде алынатын комиссияларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтері бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мен клиент арасында шарт жасау күніне белгіленген комиссияны ұлғайтужағына біржақты тəртіппен өзгертуге құқылы емес. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы біржолғы тəртіппен көрсетілетін төлем қызметі бойынша клиентті көрсетілетін төлем қызметі ұсынылғанға дейін шарттың осы баптың 4-тармағында көзделген елеулі талаптарымен қазақ немесе орыс тілдерінде таныстыруды қамтамасыз етеді. 6. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметін ұсынғанға дейін клиентке ұсынылатын көрсетілетін төлем қызметі бойынша көрсетілетін төлем қызметін беруші алатын ақшалай мəндегі комиссияның мөлшері туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді. 7. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші тек клиент нұсқауының шарттары негізінде жəне соған сəйкес көрсетілетін төлем қызметін ұсынады. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің клиент нұсқауының шарттары мен деректемелерін өзгертуіне тыйым салынады. 8. Көрсетілетін төлем қызметтерін жəне ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу үшін клиент өзінің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің де, көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің де қашықтан қол жеткізу жүйесін пайдалануға құқылы. 9. Клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушіден көрсетілетін төлем қызметтерін жəне ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу құқықтарын іске асыру мақсатында клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес клиенттің банктік шотына жəне ақпаратына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Осы тармақтың талабы клиенттердің банктік шоттарына қызмет көрсететін жəне интернет-ресурс арқылы электрондық банк қызметтерін ұсынбайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қолданылмайды. 10. Клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиенттің бұйрығы бойынша жəне оның сəйкестендіру құралдары арқылы расталған келісімімен үшінші тұлғаларға клиенттің банктік шотының бар-жоғы, нөмірі жəне банктік шоты бойынша операциялар туралы ақпаратты беруге тиіс. 11. Комиссияны төлемнің жəне (немесе) ақша аударымының сомасынан шегеру арқылы алу талабы бенефициар жəне бенефициардың көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаны үшін комиссияны төлемнің жəне (немесе) ақша аударымының сомасынан алуға тыйым салынады. Бенефициардың көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бенефициарды қабылданған төлемнің жəне (немесе) ақша аударымының сомасы жəне одан жүргізілген шегерімдер туралы хабардар етеді. 12. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде мынадай шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді: 1) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сəйкес клиентке тиісінше тексеру мен сəйкестендіруді жүргізу; 2) төлем ұйымының осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) жəне 7) тармақшаларында көзделген қызметтерді көрсету жағдайларын қоспағанда, ақша жөнелтуші жəне бенефициар бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген деректемелердің төлем жəне (немесе) ақша аударымы туралы төлем құжатында болуы жəне оларды төлемге жəне (немесе) ақша аударымына қатысушыға беру; 3) ақша жөнелтушіні жəне (немесе) бенефициарды сəйкестендіруге мүмкіндік беретін мəліметтерді көрсетілетін төлем қызметі ұсынылғаннан не клиенттің банктік шоты жабылғаннан кейін бес жыл бойы сақтау; 4) клиенттің сəйкестендіру құралдарының үшінші тұлғалардың қол жеткізуінен сақталуы. 13. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаннан кейін (төлем карточкаларын шығару бойынша көрсетілетін төлем қызметін қоспағанда) клиентке көрсетілетін төлем қызметін ұсыну фактісін растайтын құжатты қағаз жеткізгіште не телекоммуникация желілері арқылы ұсынады. Көрсетілетін төлем қызметін ұсынуды растайтын құжаттың мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 14. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде алынған мəліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды үшінші тұлғаларға ашуға жол бермейді. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде, «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер субъектісінің келісімімен дербес деректерді жинауды жəне өңдеуді жүзеге асырады. 15. Төлем ұйымына қызметтің мына түрлерін: 1) жылжымайтын мүлікті сатып алуды, сатуды, мүліктік жалдауды; 2) жарнамалық, маркетингтік, консультациялық жəне ақпараттық көрсетілетін қызметтерді; 3) бағдарламалық қамтамасыз етуді əзірлеуді, бейімдеуді, түрлендіруді, техникалық қолдауды; 4) электрондық терминалдарды, ақпарат өңдеуге жəне беруге арналған басқа құрылғылар мен жабдықтарды сатып алуды, сатуды, мүліктік жалдауды; 5) есептеу техникасын жəне ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты қызметті, оның ішінде ақпараттықтехникалық көрсетілетін қызметтерді, деректерді өңдеу мен беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, дерекқорлар мен ақпараттық ресурстарды құруды жəне пайдалануды; 6) логистика жəне курьерлік қызмет саласындағы агенттік жəне делдалдық қызметті орындауды қоса алғанда, осы салалардағы көрсетілетін қызметтерді; 7) ақпараттық жүйелер мен желілерді құруды жəне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; 8) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын əзірлеу мен іске асыруды; 9) электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сəйкестігін куəландыру, сондай-ақ тіркеу куəлігінің анықтығын растау бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, өзге кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады. 16. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші үшінші тұлғалармен аутсорсинг туралы шарт жасасуға құқылы. Аутсорсинг кезінде көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін аутсорсинг туралы шарт жасалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді. 17. Аутсорсингке: 1) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің осы Заңның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу тəуекелі туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем қызметтері нарығын бақылау функцияларын жүзеге асыруына кедергі жасаған; 2) егер үшінші тұлға көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуын қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарға сай болмаған; 3) аутсорсинг жəне көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыру үшін көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге қойылатын шарттар арасында қайшылықтар болған; 4) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге негіз болған шарттарды аутсорсинг жойған немесе өзгерткен; 5) үшінші тұлға аутсорсинг туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда жол берілмейді немесе ол тоқтатылады. 18. Аутсорсинг тəртібі көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің ішкі қағидаларында жəне аутсорсинг туралы шартқа сəйкес айқындалады. Үшінші тұлғаның аутсорсинг туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші азаматтыққұқықтық жауаптылықта болады. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың үздіксіздігі жəне сапасы, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделері қамтамасыз етілгенжағдайда, көрсетілетін төлемқызметтерін беруші қажет болған кезде аутсорсинг туралы шартты бұзады. 14-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін төлем агенттері жəне (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы көрсету кезінде қойылатын талаптар 1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жəне төлем ұйымы клиенттерге көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт негізінде төлем агенті немесе қосалқы төлем агенті арқылы көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға құқылы. Төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметін ұсынуға төлем агентін жəне (немесе) қосалқы төлем агентін тартуға, егер осындай шарт қызметті берушімен жасалған шартта көзделсе, құқылы. 2. Төлем агенті жəне (немесе) қосалқы төлем агенті көрсетілетін төлем қызметін клиентке мынадай талаптар сақталған кезде ұсынады: 1) көрсетілетін төлем қызметін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе төлем ұйымының атынан ұсыну; 2) осы Заңның 13-бабының 12-тармағында көзделген шарттарды орындау; 3) клиентке көрсетілетін төлем қызметін ұсыну фактісін растайтын жəне қажетті деректемелерді қамтитын құжатты беру; 4) төлем агентінің банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен немесе төлем ұйымымен жасасқан шарттың талаптарына сəйкес, ал қосалқы төлем агентінің төлем агентімен жасасқан шартқа, сондай-ақ төлем агенті жəне банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы арасындағы шартқа сəйкес сыйақыны өндіріп алуы; 5) осы баптың 3-тармағында көзделген ақпаратты клиентке ұсыну. 3. Көрсетілетін төлем қызметін ұсыну басталғанға дейін төлем агенті жəне (немесе) қосалқы төлем агенті клиентке мынадай ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді: 1) көрсетілетін төлем қызметінің атауы жəне оны ұсыну орнының мекенжайы; 2) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, төлем ұйымының, сондайақ төлем агентінің атауы, бизнес сəйкестендіру нөмірі, байланыс деректері (тұрған жері мен заңды мекенжайы, телефон нөмірі), көрсетілетін төлем қызметтерін қосалқы төлем агенті ұсынған жағдайда - қосалқы төлем агентінің атауы немесе тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе), сəйкестендіру нөмірі, байланыс деректері (тұрғанжеріжəне мен заңдымекенжайы, телефон нөмірі); 3) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензиясының нөмірі не төлем ұйымын есептік тіркеудің тіркеу нөмірі; 4) төлем агенті жəне (немесе) қосалқы төлем агенті клиенттен көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде ұстайтын сыйақы мөлшері (оны өндіріп алған жағдайда). 4. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жəне төлем ұйымы өздерінің төлем агенттерінің жəне қосалқы төлем агенттерінің тізілімдерін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, төлем ұйымының ішкі құжатында айқындалған тəртіппен жүргізуге тиіс. 5. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы арасында жасалған шартта айқындалған тəртіппен, төлем агенті тартылған қосалқы төлем агенттері туралы ақпаратты оларды көрсетілген тізілімге енгізу мақсатында оны банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға немесе төлем ұйымына ұсынуды қамтамасыз етеді. 6. Банк, банк операцияларыныңжекелеген түрлерінжүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы төлем агентінің Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ төлем агенті мен банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы арасындағы шартта белгіленген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген бақылауды жүзеге асыру тəртібі банк, банк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы жəне төлем агенті арасындағы шартта не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жəне төлем ұйымының ішкі қағидаларында белгіленеді. 7. Төлем агенті қосалқы төлем агентінің Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын жəне төлем агенті мен банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жəне төлем ұйымы арасындағы шартта белгіленген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну шарттарын сақтауын бақылауды төлем агенті жəне (немесе) қосалқы төлем агенті арасындағы, сондай-ақ төлем агенті жəне банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы арасындағы шартта айқындалған тəртіппен жүзеге асыруға міндетті. 8. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарттарды жасасқан банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ өздерінің төлем агенттері жəне қосалқы төлем агенттері туралы мəліметтерді ұсынады. 9. Банк, банк операцияларыныңжекелеген түрлерінжүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы төлем агенті мен қосалқы төлем агентінің міндеттемелері бойынша клиент алдында көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарттар жасасқан төлем агентімен жəне қосалқы төлем агентімен ортақ жауаптылықта болады. 15-бап. Төлем ұйымын құру 1. Төлем ұйымы ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның өзі атауында «төлем ұйымы» деген сөздерді, оның көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруын көздейтін, одан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ. 2. Төлем ұйымы өзінің филиалдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде ашуға құқылы. Төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен өздерінің филиалдарын ашу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді. 3. Төлем ұйымы бухгалтерлік есеп жəне есептілікті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес жүргізеді. 16-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеу 1. Төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу олардың қызметін реттеу мен бақылау мақсатында жүзеге асырылады жəне төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуы кезінде міндетті шарт болып табылады. Төлем ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтпей жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметі заңсыз болып табылады жəне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 2. Төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне: 1) ҚазақстанРеспубликасыныңҰлттықБанкі айқындайтын нысан бойынша өтінішті; 2) төлем ұйымы қызметті үлгілік жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғыны; 3) төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтері бойынша ақша аударымын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тəртібін айқындайтын құжатты; 4) төлем ұйымының мынадай көрсеткіштерді: қызмет стратегиясын, көрсетілетін төлем қызметтерінің жоспарланған түрлерін, оларды көрсету тəртібін; төлем ұйымы бағдарға алған нарық сегментін; маркетинг жоспарын (клиентураны қалыптастыру), қызметтің перспективалық даму жоспарларын; төлем ұйымының қызметін қаржыландыру көздерін; ұйымдық құрылым, ішкі бақылау жүйесін жəне басқару құрылымын; мүліктің жəне меншікті капиталының мөлшерін сипаттаудан, болжаудан жəне талдаудан тұратын бизнес-жоспарын; 5) атауы не тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатында көрсетілсе), сəйкестендіру нөмірі, өтініш беру күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша капиталдағы үлесінің мөлшері қамтылатын акционерлер (қатысушылар) туралы мəліметтерді; 6) тегі, аты, əкесініңаты (егеролжекебасынкуəландыратын құжатында көрсетілсе), сəйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, білімі, жұмыс орнымен лауазымдарының толық тізбесі, лауазымдық (функционалдық) міндеттерінің сипаттамасы қамтылатын, атқарушы орган басшысы (мүшелері) туралы мəліметтерді өтініш берілген күннің алдындағы растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса; 7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен, төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларын ұсынады. Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларының міндетті шарттарының тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді; 8) тəуекелдерді басқаруға қолданылатын жүйе туралы, оның ішінде клиент ақшасының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар туралы мəліметтерді; 9) жоспарланған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға қажетті ақпараттық жəне технологиялық құралдар, қауіпсіздік жүйелері, бақылау тетіктері жəне жүйелері туралы мəліметтерді; 10) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындауды қамтамасыз ететін шаралардың сипаттамасын ұсынады. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымының есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішін осыбаптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымы есептік тіркеуден өткен кезінде төлем ұйымына тіркеу нөмірін береді, төлем ұйымдарының тізіліміне жазбаны жүзеге асырады, төлем ұйымына тіркеу нөмірін көрсете отырып, есептік тіркеуден өткені туралыжазбаша нысандағы хабарламаныосыбаптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жібереді. Есептік тіркеуден бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымына бас тарту себептерін көрсете отырып, есептік тіркеуден бас тарту туралы жазбаша нысандағы хабарламаны осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жібереді. 5. Есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізілімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады. 6. Төлем ұйымыөзінің тіркеу нөмірін төлем ұйымытуралы ақпаратты ұсыну кезінде көрсетуге міндетті. 7. Төлем ұйымы есептік тіркеу жүргізуіне негіз болған құжаттарға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы осы өзгерістер енгізілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлайды. 17-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға негіздер 1. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту: 1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс мəліметтер толық жəне (немесе) анық ұсынылмаған; 2) құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе құжаттар осы Заңның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес келмеген; 3) егер төлем ұйымы атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарға сəйкес келмеген; 4) егер төлем ұйымы əділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш бермеген жағдайларда жүргізіледі. 2. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, заңды тұлға күнтізбелік отыз күн ішінде есептік тіркеуге қайта өтініш беруге немесе өз атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға құқылы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта берілген өтінішті он бес жұмыс күні ішінде қарайды. 18-бап. Төлемұйымдарының тізілімінен алып тастауға негіздер 1. Төлем ұйымы: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне көрсетілетін төлем қызметтері туралы мəліметтерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) ұсынбаған; 2) төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдауға əсер ететін көрсетілетін төлем қызметтері туралы анық емес мəліметтерді не осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мəліметтерді ұсынған; 3) Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамаған; 4) төлем ұйымы қызметін төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішіндежүзеге асырмаған немесе өз қызметін қатарынан алты айдан астам кезеңге тоқтатқан; 5) осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген мəн-жайлар анықталған; 6) төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 7) төлем ұйымы қызметінің тоқтатылғаны туралы мəліметтер Бизнес-сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген; 8) төлем ұйымы қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталады. Бұл ретте төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемелерін орындайды. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттемелердің орындалуын растау туралы хат қоса беріледі; 9) төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан тексеру жүргізуге кедергі келтірген не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқамаларын орындамаған; 10) мұндай алып тастау көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне нұқсан келтіруге ықпал ететін жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудан бас тартқан жағдайда төлем ұйымының өтініші келіп түскен жағдайларда төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталады. 2. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алып тасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы ақпаратты төлем ұйымынжазбаша хабардар етедіжəне өзінің интернетресурсында жариялайды. Хабарлама есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем (Жалғасы. Басы 7-бетте) (Жалғасы 9-бетте) 10 тамыз 2016 жыл www.egemen.kz 9 ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тəртіппен шағым жасалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау бұл шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды. 4. Төлем ұйымына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзін төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға тыйым салынады. 5. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайда, төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында «төлем ұйымы» деген сөздер болған кезде оны өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. 19-бап. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар 1. Төлем ұйымының атқарушы органы басшысының жоғары білімі болуға тиіс. 2. Мынадай: 1) таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімдер қабылданғанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылған; 2) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, егер: 1) адам осы баптың талаптарына сай келмесе; 2) төлем ұйымы төлем ұйымының атқарушы органының басшысы туралы анық емес мəліметтер не жалған құжаттар берсе, төлем ұйымы атқарушы органының басшысын ауыстыру туралы нұсқама шығарады. 20-бап. Төлем ұйымын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) 1. Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен төлем ұйымдары акционерлерінің (қатысушыларының) шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге: 1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім; 2) төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың ықтимал шарттарын, нысандарын, тəртібінжəне мерзімдерін сипаттайтын құжаттар; 3) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы; 4) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған біріктіру (қосу) туралы шарт; 5) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сəйкес аудиторлық есепті; 6) ерікті түрде қайта ұйымдастыру нəтижесінде құрылған төлем ұйымының келесі үш жылға жасалған бизнес-жоспары; 7) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нəтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары ұсынылады. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы баптың 2-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттарды қарайды жəне олар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлама жібереді. 4. Қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдары ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды жариялау арқылы өздерінің барлық клиенттеріне жəне көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге жүргізілетін қайта ұйымдастыру туралы хабарлауға міндетті. 5. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру нəтижесінде құрылған төлем ұйымын есептік тіркеу осы Заңның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес жүргізіледі. 6. Қайта ұйымдастырылған төлем ұйымдарын тізілімнен алып тастау ерікті түрде қайта ұйымдастыру нəтижесінде құрылған төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген күні бір мезгілде жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) егер ерікті түрде қайта ұйымдастыру нəтижесінде құрылған төлем ұйымының атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабының талаптарына сай келмейтін; 2) егер төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру көрсетілетін төлем қызметтері нарығына бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіретін, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне зиян келтіретін жағдайларда, төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тартады. 4-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТТЕУ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ), КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ 21-бап. Төлем жүйелерін реттеу жəне оларды қадағалау (оверсайт) 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төлемжүйелерін реттеу мақсатында: 1) төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру тəртібін айқындайды; 2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 3) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін бекітеді; 4) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тəртібін айқындайды. 2. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асырады; 2) жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін халықаралық стандарттарға сəйкестігі тұрғысынан талдауды жəне бағалауды, оның ішінде төлем жүйесіне қатысушы маңызды клиенттердің төлем жүйелерінің жұмысына əсерін талдауды жүзеге асырады; 3) бағалы қағаздармен жəне шетел валютасымен операциялардың нəтижелері бойынша төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын талдауды жүзеге асырады; 4) операторлардан, операциялық орталықтардан жəне төлем жүйелеріне қатысушылардан төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мəселелері бойынша ақпарат, оның ішінде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелері арқылы жүргізілген, көрсетілген төлем жүйелеріне қатысушы маңызды клиенттер жүзеге асырған төлемдердің жəне (немесе) ақша аударымдарының көлемдері жөніндегі мəліметтер алады; 5) жүйелік маңызы бар жəне маңызды төлем жүйелері операторларының жəне (немесе) операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уəкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның қызметіне «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тəртіппен Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сəйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді; 6) жүйелікмаңызыбар төлемжүйелеріне қатысушылардың ұйымдастыру шараларына жəне жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды орындауын байқауды жүзеге асырады; 7) жүйелік маңызы бар, маңызды жəне өзге төлем жүйелерінің тізілімдерін жүргізеді жəне өзінің интернетресурсында орналастырады. 3. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік органдармен, төлем жүйелері операторларымен жəне оларға қатысушылармен жəне Қазақстан Республикасының өзге де қаржы ұйымдарымен өзара ісқимыл жасайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бағалау жүргізген кезде шет мемлекеттердің төлем жүйелерінде орталық банктермен жəне өзге де қадағалау (оверсайт) органдарымен, халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық туралы келісімдер (шарттар, меморандумдар) жасасу арқылы ынтымақтастық жасайды. 22-бап. Жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингі, жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау жəне бағалау 1. Жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингін, жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызыбар немесе маңыздытөлемжүйелерінің операторларынан, операциялық орталықтарынан жəне оларға қатысушылардан алатын ақпарат негізінде жүзеге асырады. Жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін халықаралық стандарттарға сəйкестігі бойынша бағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қажет болған кезде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелерінің операторымен, операциялық орталығымен бірлесіп, халықаралық қаржы ұйымдарының мамандарын тарта отырып не оларды тартпастан жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алынған ақпаратқа талдау мен тиісті есептілікті жəне қадағалаудың (оверсайттың) өзге де нəтижелерін қалыптастыруды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың жиынтық нəтижелері жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернетресурсында орналастырылады. 23-бап. Көрсетілетін төлемқызметтері нарығын реттеу жəне оларды бақылау 1. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызылатын көрсеткіштерді бекітеді; 2) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу тəртібін айқындайды; 3) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған ісшараларды əзірлейді. 2. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын талдауды жүзеге асырады; 2) төлем құралдарының қолданылуын талдауды жүзеге асырады; 3) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер ұсынатын қызметтерді талдауды жəне бағалауды жүзеге асырады; 4) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерден олар ұсынған көрсетілетін төлем қызметтері бойынша мəліметтер алады; 5) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерден көрсетілетін төлем қызметтері туралы мəліметтерді, төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу мəселелері бойынша өзге де ақпаратты алады; 6) төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады; 7) төлем ұйымдарының тізілімін жүргізеді; 8) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізеді жəне оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады; 9) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 10) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уəкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның қызметіне тексеру жүргізеді. 3. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу мен бақылауды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жəне қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шет мемлекеттердің орталық банктерімен жəне көрсетілетін төлем қызметтері нарығын өзге де қадағалау органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды. 24-бап. Төлем жүйелері операторлары мен қатысушыларына, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын жəне санкцияларды қолдану 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде төлем жүйелерінің операторлары мен қатысушыларына, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндежəне «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен шектеулі ықпал ету шараларын жəне санкцияларды қолданады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шетелдік төлем жүйелеріне қатысуын, Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, төлем ұйымдарының қызметін, егер осы төлемжүйесінің одан əріжұмыс істеуі немесе төлем ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен тоқтата тұрады. 3. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, төлем ұйымдарының қызметін, банктердің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шетелдік төлем жүйелеріне қатысуын қайта бастау олардың қызметінің тоқтатыла тұру себептері жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті төлем жүйесінің операторын, төлем ұйымын, банктіжəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен жіберілген олардың жұмыс істеуі мен тиісінше қатысуын қайта бастау мүмкіндігі туралы жазбаша хабарламасының негізінде жүзеге асырылады. 5-тарау. ТӨЛЕМДЕР ЖƏНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ 25-бап. Төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары 1. Төлемдер азаматтық-құқықтықмəмілелершарттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен сот шешімдерінің негізінде жəне соларға сəйкес жүзеге асырылады. 2. Төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары төлем құралдары негізінде немесе олар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. Төлем құжаттарының нысандары, міндетті деректемелері жəне олардың мазмұнына қойылатын басқа да талаптар, электрондық төлемдер құралдарын пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 3. Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары қолма-қол ақшаны пайдалана отырып та, сондай-ақ оларды пайдаланбастан (қолма-қол ақшасыз төлемдер) да мынадай: 1) қолма-қол ақша беру; 2) электрондық ақша беру; 3) төлем құжаттарын пайдалана отырып ақша аудару; 4) ақшалай міндеттеме немесе ақша төлеу туралы бұйрық қамтылатын төлем құжатын беру; 5) электрондық төлем құралдарын пайдалану тəсілдерімен жүзеге асырылады. 4. Төлемгежəне (немесе) ақша аударымына бастамашылық жасау: 1) бастамашының төлем құжатын көрсетуі; 2) ұстаушының электрондық төлем құралдарын пайдалануы; 3) бастамашының электрондық терминалдар мен өзге де құрылғылар арқылы ақша аудару үшін қолма-қол ақшаны енгізуі; 4) бастамашының төлемді қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылыжүзеге асыруға келісімдіжіберуі арқылыжүргізіледі. 5. Қолма-қол ақшамен төлемдер төлемдi жүзеге асыратын тұлғаның заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар жəне (немесе) монеталар түріндегі қолма-қол ақшаны осы тұлғаның ақшалай міндеттемесі бар тұлғаға нақты беруі болып табылады. 6. Қолма-қол ақшамен төлемдер ақшалай мiндеттемесi орындалып отырған тұлғаға тiкелей не делдал арқылыжүзеге асырылады. 7. Қолма-қол ақшасыз төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбастан теңгемен жəне шетел валютасымен төлем құралдары негізінде осы Заңда жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады. 8. Заңды тұлғалар, заңды тұлғаның филиалдары немесе өкілдіктері көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы жүзеге асыратын төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары, заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, сондайақ еріктізейнетақыжарналарымен əлеуметтік аударымдарды төлеуін қоспағанда, олар банктік шоттар ашқан кезде ғана жүзеге асырылады. 9. Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне төлем жасалатын күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мəміле бойынша заңды тұлғалар арасындағы төлемдер қолма-қол ақшасыз тəртіппен ғана жүзеге асырылады. 10. Банктер «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндеттізейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын жəне əлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары туралы мəліметтер мен ақпаратты береді. 11. Дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі тізбесін бекіткен қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде өз қызметінжүзеге асыру орындарында осы Заңда жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған негіздер бойынша жəне тəртіппен төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті. 12. Бенефициардың пайдасына ақша аударуды банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша аударымдары жүйелерін пайдалану арқылы ұлттық немесе шетел валютасымен жүзеге асыра алады. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруды ақша аударымдары жүйесінің форматтары мен қағидаларына сəйкес қамтамасыз етуге тиіс. 26-бап. Қаржы құралдарымен мəмілелер бойынша төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері 1. Қаржы құралдарымен мəміле бойынша төлемді жəне (немесе) ақша аударымын «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым (бұдан əрі - орталық депозитарий) клиент пен орталық депозитарийдің арасындағы: 1) орталық депозитарийде ашылған клиенттің банктік шоты бойынша; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған клиенттің корреспонденттік шоты бойынша жасалған шарттың негізінде жүзеге асырады. 2. Клиенттің орталық депозитарийде ашылған банктік шоты бойынша төлем жəне (немесе) ақша аударымы қаржы құралдарымен мəмілені немесе орталық депозитарийдегі банктік шоттарының есебінде бар қаржы құралдарына байланысты өзге де операцияларды тіркеу кезінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сəйкес орталық депозитарийдің төлем құжатын қалыптастыруы арқылы: 1) егер клиенттің қаржы құралдарымен мəмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығын жөнелтуші клиенттің қаржы құралдарымен мəмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, осындай бұйрықтың; 2) егер ақша жөнелтуші сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мəмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, саудасаттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мəмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығының; 3) егер ақша жөнелтуші клирингтік ұйымның бұйрығы негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, клирингтік ұйымның клирингтік сессия қорытындылары бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. 3. Қаржы құралдарымен мəміле бойынша төлемді жəне (немесе) ақша аударымынжүзеге асыру үшін немесежүйелік маңызы бар төлемжүйесі арқылы қаржы құралдарына байланысты өзге де операцияларды тіркеу кезінде клиент жүйелік маңызы бар төлем жүйесінде орталық депозитарийдің төлем құжатын орындаған кезде жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операторына не операциялық орталығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығаруға келісім береді. Орталық депозитарийжүйелік маңызыбар төлемжүйесіне орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сəйкес: 1) егер клиенттің қаржы құралдарымен мəмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығын жөнелтуші клиенттің қаржы құралдарымен мəмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, осындай бұйрықтың; 2) егер ақша жөнелтуші сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мəмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мəмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығының; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне қатысушыларға бағалы қағаздармен қамтамасыз ете отырып, банктік қарыз берген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы құралдарымен мəмілені (операцияны) тіркеуге біржақты бұйрығының негізінде төлем құжатын жібереді. 27-бап. Банктік шоттар 1. Банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты, корреспонденттік шот шарты жəне (немесе) банктік салым шарты жасалған кезде ашылады. Ағымдағы немесе корреспонденттік шотты немесе банктік салымды ашу кезінде жасалатын шарт осы Заңның 13-бабының 4-тармағында көзделген көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде жасалатын шарт болып табылады. Клиентпен жасалатын өзге шарттарда көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың талаптарын белгілеуге жол беріледі. Клиенттің банктік шот ашу туралы электрондық нысанда жіберген өтінішінің негізінде банктік шот шарты жасалғанға дейін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентке жеке сəйкестендіру кодын беруіне жол беріледі. Бұл ретте банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты жасалғаннан кейін ашылды деп есептеледі. Клиент банктік шот шартын жасамаған жағдайда, банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен жеке сəйкестендіру кодын жояды. 2. Банккежəне банк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға: 1) егер клиенттің банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шотына берілген уəкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері жəне (немесе) өкімдері, үшінші тұлғалардың банктік шоттан ақшаны алып қою туралы талаптары болған жəне (немесе) оның банктік шотындағы ақшаға тыйым салынған жағдайларда, банктік шотта тыйым салынатын ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде клиентке жаңа банктік шот; 2) салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ол туралы ақпарат берілген əрекетсіз салық төлеушіге банктік шот; 3) анонимдік банктік шот немесе ойдан шығарылған атқа банктік шот; 4) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда клиентке банктік шот ашуға тыйым салынады. 3. Осыбаптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларының ережелері клиентке жеке тұлғаға мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жəрдемақыларды, əлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды есепке жатқызуға арналған банктік шот ашу жағдайларына қолданылмайды. Банктің немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымныңҚазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен жасалған шарттардың жəне (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын орындау шеңберінде банктік шот ашудан бас тартуына жол беріледі. 4. Банктік шоттар клиенттердің ағымдағы жəне жинақ шоттары, сондай-ақ банктердің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары болып бөлінеді. 5. Клиенттің ағымдағы шоты бойынша: 1) банктің клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуіне жəне оны пайдалануына; 2) клиенттің пайдасына ақшаны қабылдауға (есепке жатқызуына); 3) банктік шот шартында көзделген тəртіппен ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы клиенттің нұсқауын орындауға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында жəне (немесе) банктік шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың нұсқауларын орындауға; 5) көрсетілген шартта жəне осы Заңда көзделген тəртіппен жəне шарттарда клиенттен қолма-қол ақша қабылдаудыжəне оған беруді жүзеге асыруға; 6) банктік шот шартында айқындалатын мөлшерде жəне тəртіппен сыйақы төлеуге; 7) клиенттің талабы бойынша клиенттің банктегі ақша сомасы жəне банктік шот шартында көзделген тəртіппен жəне мерзімдердежүргізілген операциялар туралыақпарат беруге; 8) клиентке банктік шот шартында, Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларында көзделген өзге де банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады. 6. Клиенттің жинақ шоты бойынша: 1) банктің клиентке тиесілі ақшаның болуын қамтамасыз етуіне жəне оны пайдалануына; 2) клиенттен немесе үшінші тұлғалардан ақшаны қолмақол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да тəсілмен қабылдауды жүзеге асыруға; 3) банктік салым шартында айқындалатын мөлшердежəне тəртіппен сыйақы төлеуге; 4) банктік салым шартында жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптармен, оның ішінде оларды клиенттің басқа банктік шотына аудару жолымен клиентке ақшаны қайтаруға; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында жəне (немесе) банктік шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың нұсқауын орындауға байланысты операциялар орындалады. 7. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның корреспонденттік шоты бойынша: 1) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауға (есепке жатқызуға); 2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің міндеттемелерін орындау мақсатында банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға не үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын орындауға; 3) көрсетілген шартта жəне осы Заңда көзделген тəртіппен жəне шарттарда банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға корреспонденттік шоттан қолма-қол ақша қабылдауды жəне оны беруді жүзеге асыруға; 4) корреспонденттік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге байланысты операциялар орындалады. Корреспонденттік шоттар банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында, банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары арасында ашылады. 8. Осы баптың 5, 6 жəне 7-тармақтарында көрсетілген операциялар жүргізілмейтін, сондай-ақ банктегі немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрауыштары болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды. 9. Клиентке «эскроу-шот» режимінде банктік шот ашуға рұқсат етіледі. Атына эскроу-шот ашылған тұлға клиент айқындаған шарттарды орындамаған жəне банктік шот шарты бойынша мұндай талаптардың басталу немесе орындалу мерзімі аяқталған жағдайларда, банк эскроу-шот ашқан клиентке ақшаны қайтарады. Эскроу-шоттағы ақшаны соттың шешімі бойынша ғана өндіріп алуды қолдануға жол беріледі. 10. Клиенттердің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасына өндіріп алу қолданылған жағдайда, мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шоттарынан ғана жүргізіледі. Банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өз міндеттемелері бойынша ғана жүргізіледі. Мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жəрдемақылар мен əлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы клиенттердің ақшасына, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануғажол берілмейді. 11. Уəкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы тиісті шешімдері жəне (немесе) өкімдері не терроризмді жəне экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы уəкілетті органның ақпараты негізінде ақша жөнелтушінің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, сондай-ақ мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер негізінде мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің ақшасына тыйым салу туралы актілер негізінде ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен жəне жағдайларда жүзеге асырылады. Мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жəрдемақылар мен əлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттар бойынша, сондай-ақ нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қоюға жол берілмейді. 12. Клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операциялары уəкілетті мемлекеттік орган немесе лауазымды адам банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін жəне (немесе) өкімін, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актіні кері қайтарып алғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстықпроцестік кодексінде, «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» жəне «Оңалту жəне банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тəртіппен қайта басталады. Клиенттің банктік шотындағы ақшаға салынған тыйым клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғаның ақшаға тыйым салу туралы бұрын өзі қабылдаған актінің күшін жою туралы тиісті жазбаша хабарламасы негізінде не банктік шоттағы ақшаға бұрын салынған тыйымды орындау үшін берілген инкассолық өкімді банк орындағаннан кейін не «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда алынады. Ақша жөнелтушінің банкі осы Заңда айқындалған тəртіппен клиенттің банктік шоты жабылған кезде банктік шотқа қойылатын орындалмаған талаптарды, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілерді, клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уəкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымдыадамдардың шешімдерінжəне (немесе) өкімдерін, сондайақ клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғалардың клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілерін орындамастан қайтарады. 13. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы акт, уəкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері жəне (немесе) өкімдері, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер келіп түскен кездегі банктің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның əрекет ету тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 28-бап. Банктік шотты жабу 1. Клиенттің банктік шотын жабуды клиенттің өтініші бойынша немесе осы Заңның 29-бабында көзделген тəртіппен банктік шот шартының, банктік салым шартының қолданылуы тоқтатылған не оларды орындаудан бас тартылған жағдайларда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзі дербес жүзеге асырады. Осы Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген, банктік шотқа қойылған орындалмаған талаптар болған кезде клиенттің өтініші бойынша банктік шотты жабуға жол берілмейді. 2. Банктік шот шартының жəне банктік салым шартының қолданылуы клиенттің заңды тұлғаның таратылуына байланысты оның қызметі тоқтатылған жағдайда тоқтатылады. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттің заңды тұлғаның банктік шотын жабуды Бизнес сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы енгізілген мəліметтер негізінде жүзеге асырады. 29-бап. Банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тарту негіздері мен тəртібі 1. Банк немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым: 1) клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған; 2) клиенттің банктік шотында (жинақ шотын, мемлекеттік бюджеттенжəне (немесе) Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жəрдемақыларды, əлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда) бір жылдан астам ақша қозғалысы болмаған; 3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен жасалған шартта көзделген жағдайларда, банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартуға құқылы. 2. Банк немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Заңда жəне «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойыншажəне тəртіппен банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартады. 3. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның: 1) банктік шотқа қойылатын орындалмаған талаптар немесе мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы алынбаған актілер, уəкілетті мемлекеттік органдардың жəне (немесе) лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері жəне (немесе) өкімдері, сондай-ақ клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер; 2) клиенттің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сəйкес банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ұсынатын, экспортты (импортты) көздейтін валюталық шарт бойынша орындалмаған талаптар болған кезде банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартуына жол берілмейді. 4. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған жəне (немесе) клиент - заңды тұлға таратылған кезде банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда клиенттің банктік шотын жабуына рұқсат етіледі. 5. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделгенжағдайлар болған кезде «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы ісқимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда клиенттің банктік шотын жабуына рұқсат етіледі. 6. Егер банктік шот шартында немесе банктік салым шартында өзгеше тəртіп көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарламаны банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда бар мекенжай бойынша электрондық нысанда не оныалғанытуралыхабарламамен пошта арқылыжібереді. 7. Егер банктік шот шартында немесе банктік салым шартында өзгеше тəртіп көзделмесе, клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиентке банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң банктік шот шартын немесе банктік салым шартын бұзады жəне клиенттің банктік шотын жабуды жүзеге асырады. 8. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы тиісті актілерді, уəкілетті мемлекеттік органдардың жəне (немесе) лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдерін жəне (немесе) өкімдерін, сондай-ақ банктік шоттағы ақшаға тыйым салу құқығы бар тұлғалардың актілерін осы баптың 4-тармағына сəйкес банктік шотжабылғаннан кейін бесжұмыс күні ішінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы талаптарды қойған уəкілетті тұлғаларға қайтаруға тиіс. 9. Клиенттің банктік шотында (мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жəрдемақыларды, əлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттенжəне (немесе) бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорынан жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда) ақша қалдығы болған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша қалдығын Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес нотариус депозитіне аударуға жəне банктік шотты жабуға құқылы. 10. Осы бапта көзделген жағдайларда, банктің банктік шотты жүргізгені үшін алатын комиссиясының мөлшері, банктің басқа клиенттердің банктік шотын жүргізгені үшін алатын комиссиясының ең жоғары мөлшерінен аспауға тиіс. 11. Банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған кезде банк шарттардың өзінде белгіленген сыйақы туралы талаптарды ескере отырып, көрсетілген шарттарды орындаудан біржақты бас тартылған күнге сыйақы төлейді. 12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше көзделмесе, осы баптың қағидаларыкорреспонденттікшотшарттарына қолданылады. 6-тарау. ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ 30-бап. Төлем құралдарының түрлері Қазақстан Республикасының аумағында төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем құралдарының мынадай түрлері пайдаланылады: 1) төлем тапсырмасы; 2) төлем талабы; 3) чек; 4) вексель; 5) инкассолық өкім; 6) төлем ордері; 7) төлем хабарламасы; 8) электрондық төлем құралы. 31-бап. Төлем тапсырмасы 1. Төлем тапсырмасын пайдалануға байланысты ақша жөнелтушімен ақшажөнелтушінің банкі арасындағықұқықтар менміндеттеролардыңарасындағыжасалғаншарттабелгіленеді, ал олардың нақты іске асырылуы ақша жөнелтушінің банкіне төлем тапсырмасын ұсынған кезден бастап туындайды. 2. Ақшажөнелтушінің банкі төлем тапсырмасын онда көрсетілген үзінді көшірме жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылдайды. Төлем тапсырмасында валюталау күні көрсетілуі мүмкін. (Жалғасы. Басы 7-8-беттерде) (Жалғасы 10-бетте) 10 www.egemen.kz 10 тамыз 2016 жыл 3. Бір ақша жөнелтушіден бір банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бір ұйымда қызмет көрсетілетін бірнеше бенефициардың пайдасына төлем жəне (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылған не ақша жөнелтушінің банкі бір бенефициардың пайдасына бірнеше ақша жөнелтушінің нұсқауларын орындаған кезде жиынтық төлем тапсырмасын пайдалануға жол беріледі. 4. Қағаз жеткізгіште ресімделген жиынтық төлем тапсырмасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен ақша жөнелтуші тұлғалардың не бенефициарлардың тізілімі қоса беріледі. 32-бап. Төлем талабы 1. Төлем талабын пайдалана отырып жасалатын төлемдер кезіндегі құқықтар мен міндеттер оны ақша жөнелтушінің банкіне ұсынған кезден бастап туындайды. 2. Төлем талабы, осыЗаңның 26-бабында көзделген тəртіппен оны берген жағдайларды қоспағанда, бенефициардың банкіне немесе ақша жөнелтушінің банкіне онда көрсетілген үзінді көшірме жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде беріледі. 3. Банктердің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою жағдайларын қоспағанда, бенефициардың төлем талабын қою құқығы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленеді. 4. Жасалған қарыз шартына, кредиттік желіні ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сəйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін банктің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем талабын пайдалануына жол беріледі. Банк жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша жөнелтушінің банкіне төлем талабын ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны алып қоюға оның келісімі қамтылған құжаттың негізінде қояды. Қарыз бойынша берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою тəртібі, сондай-ақ оған ақшаныалып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса берудің қажеттілігі туралы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Ақшаныалып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін банктер арасында орнатылған электрондық байланыс арналары арқылы жіберуге жол беріледі. Қарыз бойынша берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қоюдың негізділігіне өндіріп алушы жауапты болады. 5. Банк немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша жөнелтушінің: 1) ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасында жасалған шартта; 2) қарыз шартында, кредиттікжеліні ашу туралы келісімде немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатта қамтылған банктік шотынан ақша алып қоюға келісімі болған кезде төлем талабын ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы орындайды. 6. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде оның банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы төлем талабын орындау ақшаның банктік шотқа түсуіне қарай жүзеге асырылады. Ақша жөнелтуші жеке тұлғаның ағымдағы шотына қойылған төлем талабы оның ағымдағы шотын ондағы ақша сомасының жəне (немесе) кейіннен оның ағымдағы шотына түсетін əрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде, төлем талабында көрсетілген барлық соманың түсуін күтпестен, тікелей дебеттеу арқылы орындалады. 33-бап. Чек 1. Чек берушi мен банктiң чектi пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi чек берушi мен банк арасындағы чектердi пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайды. Чек ұстаушының құқықтары чек берушiден чекті алған кезден бастап туындайды. 2. Чек ұстаушы чекті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде қабылдайды жəне чек ұстаушы чек берушінің банкіне не чек ұстаушының банкіне береді. 3. Чек берушiнiң чекті беруі орындау үшін осындай чек жазылып берiлген төлемнің аяқталуы болып табылмайды. Чек берушінің ақшалай міндеттемесі чек ұстаушы чек бойынша ақшаны алған кезде түпкілікті орындалады. 4. Чек ұстаушыда чекте көрсетiлген сомадағы чек берушiнiң банкiне қойылатын ақшалай талабының құқығы туындайды. Чек берушiнiң банкi чек ұстаушы ұсынған чектi төлейдi не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген негіздер бойынша оны төлеуден уəжді түрде бас тартады. 5. Чектер жабылған жəне жабылмаған болып бөлiнедi. Ақшамен алдын ала қамтамасыз етiлмеген чектер жабылмаған чектер болып табылады. Чек берушi алдын ала банкке енгiзген ақшамен қамтамасыз етiлген чектер жабылған чектер болып табылады. 34-бап. Вексель Вексельдердi қолма-қол ақшасыз төлемдердіжəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қолдану Қазақстан Республикасының вексель заңнамасымен реттеледi. 35-бап. Инкассолық өкім 1. Клиенттiң банктік шотынан ақшаны оның келісімiнсiз алып қою Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жəне кезектiлiктiң сақталуы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде белгiленген тəртiппен инкассолық өкiм пайдаланыла отырып жүргiзiледi. 2. Төлемгежəне (немесе) ақша аударымына қатысушының құқықтары мен мiндеттерi ақша жөнелтушiнiң банкiне инкассолық өкiм берілген кезден бастап туындайды. 3. Инкассолық өкімді мемлекеттік кіріс органдары жəне сот орындаушылары береді. 4. Сот орындаушыларының инкассолық өкімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалардың негізінде осы өндіріп алудың негізділігін растайтын атқарушылық құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда қоса беріле отырып, ақша жөнелтушінің банкіне беріледі. 5. Егер атқарушылық құжаттың мəтінінде өзгеше белгіленбесе, ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қоюдың негізділігін растайтын атқарушылық құжат банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға сот орындаушысының бір ғана инкассолық өкімін беру үшін негіз болып табылады. Борышкер борышты өзі дербес ішінара төлеуді жүргізген жəне атқарушылық құжатта сот орындаушысының бұл жөнінде белгісі болған не бір атқарушылық парақтың негізінде бірнеше бенефициардың пайдасына борыштыортақ өндіріп алу жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатта көрсетілген төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасы (ол бар болса) инкассолық өкімде көрсетілген сомаға сəйкес келуге тиіс. 6. Мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдері осы өндіріп алудың негізділігін растайтын құжаттар қоса тіркелместен беріледі. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті əлеуметтік сақтандыру, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында айқындалған тиісті тізімдер қоса беріле отырып, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға мемлекеттік кіріс органдарының: мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кəсіптік зейнетақы жарналары, əлеуметтік аударымдар; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар жəне (немесе) жарналар; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға арналған инкассолық өк iмдерi беріледі. 7. Инкассолық өкiмде төлемнің мақсаты жəне ақша жөнелтушiнiң банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қою құқығы көзделетiн Қазақстан Республикасы заңының нормасына сілтеме көрсетіледі. 8. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде салық берешегін өндіріп алу туралымемлекеттік кіріс органдарының жəне атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының инкассолық өкімдерін орындау осындай шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі. 9. Ақша жөнелтушiнiң банктік шотынан оның келісімiнсiз ақшаны алып қоюдың негiздiлiгi үшiн инкассолық өкімнің бастамашысы жауаптылықта болады. Банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақшажөнелтушілердің банктік шоттарынан ақшаны олардың келісімінсіз есептен шығаруға қарсы білдірген қарсылықтарын мəні бойынша қарамайды. 36-бап. Төлем ордері 1. Ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы, оның ішінде ақшажөнелтушінің банкі мен бенефициар бір тұлға болып табылғандағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайлардағы қолма-қол ақшасыз төлем жəне (немесе) ақша аударымы төлем ордері негізінде жүзеге асырылады. 2. Төлем ордерінде банктің (ақша жөнелтушінің банкі мен бенефициардың банкі) немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы бір рет көрсетілуі мүмкін. 37-бап. Төлем хабарламасы 1. Төлем хабарламасы ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай қолма-қол ақшасыз төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылады. 2. Төлем хабарламаларын беру жəне орындау тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 3. Банктік шоттыашпай электрондық терминалдар арқылы төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ақша жөнелтушіге деректемелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін чек беріледі. 38-бап. Электрондық төлем құралы 1. Электрондық төлем құралын пайдалану осы Заңда жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады. 2. Электрондық төлемқұралынпайдаланаотырыпжасалатын операциялар бойынша төлем жəне (немесе) ақша аударымы сəйкестендіру құралы арқылы расталған электрондық төлем құралын ұстаушының келісімі негізінде жүзеге асырылады. 3. Төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде электрондық төлем құралын ұстаушының келісімін беру жəне растау тəртібі мен тəсілі электрондық төлем құралының эмитенті банк пен электрондық төлем құралын ұстаушы арасында жасалған шартта белгіленеді. 7-тарау. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫ 39-бап. Төлем карточкасын шығару жəне пайдалану 1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын шығарудытөлем карточкасын шығаруға құқығыбар Қазақстан Республикасының көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер жүзеге асырады. Төлем карточкаларын шығару жəне пайдалану төлем карточкасы эмитентінің төлем карточкасын ұстаушымен жасаған шарты негізінде жүзеге асырылады. Төлем карточкасының эмитенті өзге де ұйымдармен бірлесіп, төлем жəне өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұстаушыларға оларды ұсыну үшін өздерінің арасында жасалған шарттардың тəртібі мен талаптарында төлем карточкаларын шығаруға құқылы. Негізге алынып төлем карточкаларын шығару жəне пайдалану жүзеге асырылатын шартты жасасу тəсілі мен талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 2. Төлемкарточкасының эмитентіҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппенҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн төлем карточкаларын шығарғаны туралы хабардар етеді. 3. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушымен төлем карточкасын пайдалану туралы шарт жасасқанға дейін төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалану кезіндегі талаптар мен қауіпсіздік шаралары туралы, наразылықтарды беру тəсілдері мен оларды қарау тəртібі туралы хабардар етуге міндетті. 4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегіні қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жəнеҚазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тəртібін қолданатын дара кəсіпкерлер жəне (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды жəне қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті. Жекелеген қызмет түрлерінің жəне төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолданудың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес арнаулы салық режимін қолданатын жəне қызметін астанада, республикалық жəне облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кəсіпкерлер жəне (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды жəне қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға міндетті. Осы бапта белгіленген талаптар сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбастан ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын дара кəсіпкерге жəне (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды. 5. Төлем карточкасының эмитенті өзінің интернет-ресурсында төлем карточкасының түрлері мен оны беру шарттары туралы ақпаратты, төлем карточкасын беру туралы үлгілік шартты, төлем карточкасын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты орналастырады. 6. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушынытөлем карточкасына қызмет көрсету үшін алынатын комиссияның мөлшері не онытөлемеген кезде берешекті есепке жазу туралы хабардар етеді, сондай-ақ төлем карточкасын ұстаушыға өздерінің арасындағы шартта көзделген тəртіппен оның төлем карточкасына қызмет көрсеткені үшін төлем карточкасын ұстаушының комиссияны төлеу фактісін растауды ұсынуын қамтамасыз етеді. 40-бап. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары 1. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемжəне (немесе) ақша аударымыҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады. 2. Төлемге жəне (немесе) ақша аударымына қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері дара кəсіпкер немесе заңды тұлға ұсынылған төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемді қабылдауға келісім берген кезден бастап туындайды. Дара кəсіпкердің немесе заңды тұлғаның өзімен төлем карточкасына қызмет көрсету туралы келісім жасасқан банкке қатысты өзі қабылдаған төлем сомасында ақшалай талап құқығы туындайды. Көрсетілген банкте дара кəсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай талабын орындау міндеті туындайды. 3. Дара кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаған кезде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қолма-қол ақша төленген кездегі олардың сатылу бағасынан аспайтын бағамен сатуды жүзеге асыруға міндетті. 4. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операциялар туралы өздерінің арасындағы шартта көзделген жағдайларда жəне тəртіппен хабардар етеді. Осындай хабарламаны жіберудің тəсілі мен кезеңділігі, сондай-ақ төлем карточкасын ұстаушынытөлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операциялар туралы хабардар еткені үшін төлем карточкасыэмитентінің комиссия мөлшері мен оны алу тəртібі төлем карточкасының эмитенті мен төлем карточкасын ұстаушы арасындағы шартта белгіленеді. 5. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын жоғалтуы жəне (немесе) төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы хабарламаны тəулік бойы жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 6. Төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасының жоғалу немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылу фактісін анықтаған кезде бұл туралы төлем карточкасының эмитентін өздерінің арасындағы шартта белгіленген тəсілмен хабардар етеді. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының хабарламасы негізінде оның төлем карточкасын бұғаттайды. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушымен жасалған шартқа сəйкес рұқсат етілмеген операция бойынша ақшаны өзі дербес өтеген жағдайларды қоспағанда, төлем карточкасын ұстаушы рұқсат етілмеген операцияны өтеу үшін төлем карточкасының эмитенті белгілеген нысан бойынша өтінішті төлем карточкасының эмитентіне ұсынады. 7. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасының жоғалуы жəне (немесе) төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы төлем карточкасын ұстаушының хабарламасын алғаннан кейін рұқсат етілмеген операциялар жасалған жағдайда, олар үшін жауаптылықта болады. 8. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының рұқсат етілмеген операцияны өтеу туралы өтініші негізінде рұқсат етілмеген төлем фактісін анықтау бойынша шаралар қолданады жəне осындай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оған рұқсат етілмеген операция мөлшерінде ақша сомасын өтейді не өздерінің арасындағы шартта көзделген тəсілмен себебін көрсете отырып, рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді. Үшінші тұлғалардан ақпаратты алу не тексеру жүргізу арқылы қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының өтінішін қарайдыжəне ол бойынша Қазақстан Республикасы ішіндегі операциялар бойынша күнтізбелік отыз күн немесе шетелде жасалған операциялар бойынша күнтізбелік алпыс күн ішінде шешім қабылдайды жəне бұл туралы төлем карточкасын ұстаушыны өздерінің арасындағы шартта белгіленген тəсілмен хабардар етеді. Төлем карточкалары эмитентінің рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тартуы төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдалану қағидаларын бұзуын не оның төлем карточкасын пайдалана отырып алаяқтық операцияларға қатысуын растайтын негіздер, белгілер немесе фактілер болған кезде жүзеге асырылады. 9. Төлем карточкасының эмитентін төлем карточкасының жоғалуынемесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы хабардар етпеген жағдайда, төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасының жоғалуына немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуына байланысты барлық тəуекелдерді көтереді. 10. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыға оның төлем карточкасын пайдалануына байланысты құжаттарды жəне ақпаратты шартта айқындалған тəртіппен ұсынуға міндетті. 11. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыға жіберілген жəне одан алынған хабарламаларды тіркейді, сондай-ақ тиісті ақпаратты жіберген жəне алған күннен бастап оларды кемінде үш жыл сақтайды. 12. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының өтініштерін, оның ішінде төлем карточкасын немесе оның деректемелерін пайдалануға байланысты даулы жағдайлар туындаған кезде шартта белгіленген, бірақ осындай өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ төлем карточкасы шетелде пайдаланылған жағдайда, өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімде қарайды. Төлем карточкасын ұстаушыға өтініштерді қараудың нəтижелері туралы, оның ішінде жазбаша нысанда ақпарат (төлем карточкасын ұстаушының талабы бойынша) жіберіледі. 13. Төлем карточкасының эмитенті ұстаушыдан алған хабарлама негізінде немесе ұстаушы төлем карточкасын пайдалану тəртібін бұзған кезде шартқа сəйкес эмитенттің бастамасы бойынша оны төлем карточкасын ұстаушының оны пайдалануын тоқтата тұрады немесе тоқтатады. 14. Төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдалануын тоқтата тұру немесе тоқтату төлем карточкасын ұстаушының жəне эмитенттің көрсетілген пайдалануды тоқтата тұрған немесе тоқтатқан кезге дейін туындаған міндеттемелерін тоқтатпайды. 41-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын операциялар бойынша банкаралық төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері 1. Өздері шығарған төлем карточкалары пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған операциялар бойынша Қазақстан Республикасының банктері арасындағы төлемдерді өңдеу жəне төлемдер клирингі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының резидент банктері шығарған төлем карточкалары пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған банкаралық операцияларға қызмет көрсету жүйесін осы жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операциялық жəне технологиялық функцияларды жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операциялық орталығына беру не арнайы ұйым құру арқылы ұйымдастыруға құқығы бар. Мұндай арнайы ұйымның қызметін жүзеге асыру жəне төлем карточкалары эмитенттерінің банктердің аталған ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тəртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 8-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША 42-бап. Электрондық ақша эмитенттері, иелері жəне электрондық ақша жүйесінің операторы 1. Электрондық ақша эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағындашығаратын электрондық ақшаҚазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана номиналдануға (көрсетілуге) тиіс. 2. Электрондық ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер жəне Ұлттық пошта операторы шығаруға құқылы. 3. Мыналар: 1) электрондық ақша эмитентінен, агенттен немесе өзге де жеке тұлғалардан электрондық ақшаны алған жеке тұлғалар; 2) агенттер; 3) жеке тұлғалардан азаматтық-құқықтық мəмілелер бойынша төлемақы ретінде электрондық ақшаны алған дара кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар электрондық ақша иелері болып табылуы мүмкін. 4. Электрондық ақша иесінің құқықтары электрондық ақшаны алған кезден бастап туындайды. 5. Жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен асатын сомада электрондық ақшаны иемденген жағдайда, электрондық ақша эмитенті оны сəйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті. Электрондық ақша эмитенті шарттың негізінде «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға электрондық ақша эмитентінің атынан жəне оның тапсырмасы бойынша электрондық ақшаның иесі - жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыруға уəкілеттік беруге құқылы. Электрондық ақша иесін сəйкестендіруді электрондық ақша эмитенті электрондық ақша иесінің өзі қатысқан жəне жеке басын куəландыратын құжатын көрсеткен кезде не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін өзге де тəсілмен жүргізеді. 6. Электрондық ақша эмитентінің өзі немесе банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған тиісті шарттың негізінде электрондық ақша жүйесінің операторлары болып табылуы мүмкін. Электрондық ақша эмитенті мен электрондық ақша жүйесінің операторы (егер ол электрондық ақша эмитенті болып табылмаса) арасындағы қатынастар осы Заңмен жəне олардың арасында жасалған шартпен реттеледі. 7. Электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шарттардың талаптарына сəйкес жəне өзіне электрондық ақша эмитенті (эмитенттері) берген өкілеттіктердің негізінде оның (олардың) атынан жеке тұлғалармен, агенттермен, дара кəсіпкерлерменжəне электрондық ақшажүйесіне қатысатын заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқылы. Бұл жағдайда электрондық ақша иесі электрондық ақша жүйесінің операторымен жасасқан шарт осы шарт жасалған күннен кейін электрондық ақша жүйесіне қатысушылар болған электрондық ақша эмитентін (эмитенттерін) қоса алғанда, бір жүйенің шеңберінде өзі (өздері) шығарған электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа теңестіріледі. 8. Электрондық ақша эмитентінің электрондық ақша шығару жөніндегі қызметті тоқтату тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 9. Электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін осы Заңда, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптарды жəне шектеулерді ескере отырып қамтамасыз етуге міндетті. Электрондық ақша эмитенті жəне электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақшаны шығару, пайдалану жəне өтеу туралы шарттың талаптарына сəйкес электрондық ақша иесінің алдында электрондық ақшаға рұқсатсыз қол жеткізу немесе оларды рұқсатсыз пайдалану, сондай-ақ электрондық ақша эмитентін бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы не электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуіндегі қателер немесе іркілістер салдарынан электрондық ақша иесіне келтірілген залал үшін жауаптылықта болады. 43-бап. Электрондық ақшаны шығару жəне өткізу 1. Электрондық ақша эмитенті жеке тұлғалардан немесе агенттерден растауды ұсына отырып, электрондық ақша шығарғаны үшін комиссиялық сыйақыны шегере отырып, өзіне қабылдайтын міндеттемелердің номиналды құнына тең сомада ақша алғаннан кейін электрондық ақша шығаруды жүзеге асырады. Электрондық ақша эмитенті өзі шығарған электрондық ақшаны олардың Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы номиналды құнына сəйкес өтеу жөніндегі шартсыз жəне кері қайтарылмайтын ақшалай міндеттемені қабылдайды. 2. Электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппенҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкін электрондық ақша шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар етеді. 3. Электрондық ақша эмитентінің электрондық ақша шығарған кезде комиссиялық сыйақы, сондай-ақ электрондық ақша эмитенті көрсететін қосымша қызметтер үшін ақы алуы жасалған шарттың талаптарына сəйкес жүзеге асырылады. 4. Электрондық ақша эмитенті мен олардың иесі - жеке тұлға арасындағы қатынастар осы Заңмен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес олардың арасында жасалған электрондық ақшаны шығару, пайдалану жəне өтеу шартымен реттеледі. 5. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану жəне өтеу шарты жасалғанға дейін электрондық ақша эмитенті немесе электрондық ақша иесі атынан əрекет ететін электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша жүйесіне қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаға: 1) электрондық ақша эмитентінің жəне электрондық ақша жүйесі операторының атауы мен орналасқан жері, сондайақ егер электрондық ақша жүйесінің операторы банк болып табылмаса, оның тіркеу нөмірі туралы; 2) электрондық ақшаны пайдалану шарттары туралы; 3) электрондық ақша эмитентінің жəне (немесе) электрондық ақша жүйесі операторының электрондық ақшаны шығару, пайдалану жəне өтеу кезінде электрондық ақша иесінен алынатын комиссиялық сыйақыны алу мөлшері мен тəртібі туралы; 4) электрондық ақша эмитентімен немесе электрондық ақша жүйесінің операторымен байланысқа арналған ақпаратты қоса алғанда, наразылықтар беру тəсілдері мен оларды қарау тəртібі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. 6. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағында көзделген талаптардан басқа, электрондық ақшаны шығару, пайдалану жəне өтеу шартында: 1) электрондық ақшаны шығару (сатып алу) талаптары; 2) электрондық ақшаны пайдалануға белгіленетін шектеулерді қоса алғанда, электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру талаптары; 3) электрондық ақша иесінің электрондық ақшаға жəне оларды пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруға құқықтарын куəландыру тəртібі; 4) электрондық ақшаны өтеуге ұсыну тəртібі мен тəсілдері жəне оны өтеу тəртібі; 5) электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитенті мен олардың иесі арасында ақпарат алмасу тəртібі, оның ішінде электрондық ақша эмитентін электрондық ақшаға қол жеткізуге бақылаудың жоғалғаны немесе оларды рұқсатсыз пайдалану туралы хабардар ету тəртібі мен мерзімдері; 6) тараптардың өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы қамтылуға тиіс. 7. Агент тараптардың құқықтары мен міндеттері, электрондық ақшаны өткізу жəне сатып алу тəртібі мен талаптары айқындалатын, электрондық ақша эмитентімен немесе электрондық ақша жүйесінің операторымен жасалған шарттың негізінде жеке тұлғаларға электрондық ақшаны өткізуді не жеке тұлғалардан электрондық ақшаны сатып алуды жүзеге асырады. 44-бап. Электрондық ақшаны пайдалану жəне өтеу 1. Электрондық ақшаны оның иесі - жеке тұлға азаматтыққұқықтық мəмілелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық ақша жүйесі қағидаларында айқындалғанжəнеҚазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шарттарда өзге де операцияларды жүргізу мақсатында пайдаланады. 2. Азаматтық-құқықтық мəмілелерді жасау кезінде дара кəсіпкердің жəне (немесе) заңды тұлғаның электрондық ақшаны төлемақы ретінде қабылдауы электрондық ақша эмитентімен не электрондық ақша жүйесіне қатысушы болып табылатын өзге де банкпен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мəмілелер жасау кезінде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны алған дара кəсіпкердің немесе заңды тұлғаның қабылданған төлем сомасында электрондық ақша эмитентіне ақшаны талап ету құқығы туындайды. 3. Электрондық ақша эмитенті жəне электрондық ақша жүйесінің операторы «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес алаяқтықты жəне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) жəне терроризмді қаржыландыруды анықтау, сондай-ақ болғызбау мақсатында электрондық ақша жүйесінде ұйымдастырушылық пен рəсімдік іс-шараларды қамтамасыз ету жəне енгізу жөнінде шаралар қабылдайды. Электрондық ақша жүйесінің операторы «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мəліметтер мен ақпаратты ұсынады. Электрондық ақша эмитенті қаржымониторингіжөніндегі уəкілетті органға банк болып табылмайтын электрондық ақша операторларытуралымəліметтерді олармен тиісті шарт жасасқаннан кейін береді. 4. Электрондық ақшаның сəйкестендірілген иесі - жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. Электрондық ақшаның сəйкестендірілмеген иесі - жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары электрондық ақшаны өтеу жөніндегі операцияларға қолданылмайды. 5. Электрондық ақшаның сəйкестендірілмеген иесі - жеке тұлғаның бір электрондық құрылғысында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайды. 6. Егер электрондық ақша эмитенті мен электрондық ақша иесі - жеке тұлға арасында жасалған шартта электрондық ақша эмитентінің немесе электрондық ақша жүйесі операторының өзге комиссиялық сыйақысы көзделмесе, электрондық ақшаны өтеуді электрондық ақша эмитенті оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын электрондық ақша иесінің - жеке тұлғаның банктік шотына аудару не оған қолма-қол ақшаны беру арқылы жүзеге асырады. 7. Электрондық ақшаның иесінен электрондық ақшаны шығару, пайдалану жəне өтеу кезінде комиссиялық сыйақыны, сондай-ақ электрондық ақшаның эмитенті көрсететін қосымша қызметтер үшін төлемді алу электрондық ақшаны шығару, пайдалану жəне өтеу туралы шарттың талаптарына сəйкес жүзеге асырылады. 8. Егер электрондық ақша эмитенті мен дара кəсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалған шартта өзгеше мерзім көзделмесе, электрондық ақша эмитенті азаматтық-құқықтық мəмілелер бойынша ақы төлеу кезіндежеке тұлғалардан дара кəсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақшаны олардың пайдасына электрондық ақша түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеуді жүзеге асырады. Дара кəсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақша аудару кезінде ақшаны қайтару үшін осы Заңда көзделген негіздер бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мəміле бұзылған жағдайда, оларды ақы төлеуші жеке тұлғаға қайтару кезінде өтелуге жатпайды. Егер электрондық ақша эмитенті немесе электрондық ақша жүйесінің операторы жəне электрондық ақша иесі арасында жасалған шартта электрондық ақша эмитентінің немесе электрондық ақша жүйесі операторының өзге комиссиялық сыйақысы көзделмесе, дара кəсіпкерлер немесе заңды тұлғалар иелері болып табылатын электрондық ақшаны өтеу оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын дара кəсіпкердің немесе заңды тұлғаның банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. 9-тарау. ТАПСЫРМА НЕМЕСЕ ТАЛАП НЫСАНЫНДАҒЫ НҰСҚАУДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖƏНЕ ОРЫНДАУ 45-бап. Тапсырма немесе талап нысанында нұсқау беру 1. Тапсырма немесе талап нысанындағы нұсқау электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін. Қағаз жеткізгіштегі нұсқау белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді жəне: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес деректемелер; 2) бастамашының қолтаңбасы жəне оның мөрінің бедері (ол бар болса) қамтылуға тиіс. 2. Ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды жəне оны кері қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді өзі белгілеген операциялық күн ішінде ғана қабылдауды жүзеге асырады. 3. Егер нұсқау немесе оныкері қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкім ақша жөнелтушінің банкі белгілеген операциялық күн аяқталғаннан кейін алынса, онда осындай нұсқауды немесе өкімді ақша жөнелтушінің банкі келесі операциялық күннің басында алды деп есептеледі. 4. Нұсқауды, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді беру: 1) қағазжеткізгіштежасамастан, тиiстi электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып, электрондық тəсілмен беру арқылы; 2) электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар желісін пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде электрондық жеткізгіште; 3) қағаз жеткізгіште орындалған төлем құжатының, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімнің түпнұсқасын ұсыну арқылы жүргізіледі. 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілерінде белгiленген талаптар сақталған кезде ғана нұсқауды, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді электрондық тəсілмен немесе электрондық жеткізгіште беруге рұқсат етіледі. 6. Қазақстан Республикасының заңнамасында қағаз жеткізгіште ғана пайдаланылуы көзделген нұсқауды электрондық тəсілмен беруге тыйым салынады. 7. Егер бастамашы банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентi болып табылса, бастамашының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға нұсқау беруінің тəсілдерi, тəртібі жəне талаптары олардың арасындағы шартта көрсетiледi. Егер бастамашы банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентi болып табылмаса, онда нұсқау беру осы Заңның нормаларына жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сəйкес жүргiзiледі. 8. Нұсқау, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкім қазақ жəне (немесе) орыс тілдерінде жасалады. Басқа да тілдерді пайдалану мүмкіндігі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мен оның клиенті арасындағы шартта белгіленеді. 46-бап. Нұсқауды орындау 1. Банк немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды қабылдаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды жасау, беру тəртібіне қойылатын талаптарға жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне (немесе) шарт талаптарында белгіленген өзге де талаптарға оның сəйкестігін тексеруге жəне егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, нұсқауда көрсетілген талаптарды сақтай отырып орындауға не оны орындаудан бас тартуға міндетті. 2. Төлем тапсырмасы, төлем талабы, төлем хабарламасы, төлем ордері арқылы берілген нұсқауды орындауды ақша жөнелтушінің банкі, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей жасайды. Инкассолық өкім арқылы берілген нұсқауды орындауды банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, инкассолық өкімнің белгіленбеген мерзімдерде орындалуын, сондай-ақ «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық үш күннен кешіктірмей жасайды. 3. Бір банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бір ұйымда ашылған банктік шоттар арасында ақша аударуды ақша жөнелтушінің банкі операциялық бір күн ішінде жүзеге асырады. 4. Халықаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып, нұсқаудыалған күннен кейінгі операциялық үш күннен кешіктірілмей орындалады. 5. Ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей, бас тарту себебін көрсете отырып, нұсқауды орындаудан бас тартуды жасайды. Бенефициардың банкі бас тарту себебін көрсете отырып, нұсқауды алған операциялық күннің ішінде нұсқауды орындаудан бас тартады. 6. Егер ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ақшажөнелтуші банк нұсқауды орындау үшін, ақша жөнелтуші оны орындау үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті. 7. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның нұсқауды орындаудан бас тартуы мынадай негіздер бойынша: 1) егер шартта төлем қызметтерін берушінің клиентке осы төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін кредит беру бойынша қызметтер көрсетуі көзделмесе, ақша жөнелтуші төлемді жəне (немесе) аударымды жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етпеген кезде; 2) егер нұсқауда қолдан жасау, түзету, толықтыру жəне бүліну белгілері болса, оның ішінде, нұсқау жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленген рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау əрекеттерінің тəртібі бұзыла отырып берілсе; 3) бастамашы нұсқауды жасау жəне беру тəртібіне қойылатын талаптарды жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне (немесе) шарт талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтамаған кезде; 4) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмдi қаржыландыруға қарсы ісқимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген не Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда; 5) ақшаны банктік шоттан өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен төленетін жəрдемақыларды жəне (немесе) Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан əлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотқа берілген жағдайларда; 6) рұқсат етілмеген төлем анықталған кезде, сондай-ақ бенефициардың пайдасына аударылатын ақшаның құқыққа сыйымсыз алынғандығы негізделген фактілер анықталған жəне расталған жағдайларда; 7) клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уəкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдері жəне (немесе) өкімдері, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы ақшамен қамтамасыз етілмеген актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бірінші кезекте орындалуға жататын нұсқаулар болған кезде жүргізіледі. 8. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алынған нұсқаудың: 1) егер банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициарға қызмет көрсетпеген жағдайда, нұсқауды келесі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беру; 2) егер ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың банкі болып табылса, ақша аударымын аяқтау; 3) егер банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша жөнелтушіге қызмет көрсеткен жағдайда, қолма-қол ақшаны төлеу туралы бұйрықты көрсеткен бастамашыға қолма-қол ақшаны беру талаптарын орындауы нұсқауды орындау болып табылады. 9. Бенефициардың банкi өзі орындайтын осындай нұсқауда белгіленген ақша сомасын орындалу мерзімі бенефициардың банкіне нұсқау келіп түскен кезде басталған, (Жалғасы. Басы 7-9-беттерде) (Соңы 11-бетте) 10 тамыз 2016 жыл www.egemen.kz 11 бенефициардың үшінші тұлғаның немесе осы банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы міндеттемесі сомасының орнына үшiншi тұлғаның пайдасына немесе өз пайдасына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан ақшаны алудың кезектiлiгiн сақтауды ескере отырып есепке жатқызуға құқылы. 47-бап. Нұсқауды көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші арқылы орындау 1. Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, төлем қызметтерін бөгде беруші көрсететін төлем қызметі клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы бергенжəне сəйкестендіру құралы арқылы расталған келісімінің негізінде жүзеге асырылады. 2. Клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы клиенттің нұсқауын алғаннан кейін көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушіге жəне (немесе) клиентке төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға растауды тез арада жібереді. 3. Клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы келіп түскен нұсқауларын рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау əрекеттерінің тəртібін сақтай отырып, осы Заңның 46 - 49-баптарында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде орындайды. 4. Белгілі бір төлем жүйесі немесе банктік шотқа қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін берушімен шарттық қатынастар шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы клиенттің нұсқауы өңделген жəне орындалған жағдайларда, соңғымен өзара есеп айырысулар тəртібі осытөлемжүйесінің қағидаларында немесе шарт талаптарында айқындалады. 5. Көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші клиенттің жəне банктік шотқа қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің алдында өзінің қашықтан қолжеткізу жүйесінде жүзеге асырылған төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша рұқсат етілмеген төлемдердің жəне (немесе) алаяқтық əрекеттердің жүзеге асырылу салдарлары үшін жауаптылықта болады. 48-бап. Нұсқауларды орындау мерзімдері 1. Банк немесе банк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқаудыжөнелтуші бастамажасаған күні орындауды қамтамасыз етеді. 2. Осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бенефициардың банктік шотына немесе бенефициардың пайдасына ақша қабылданғанын көрсететін өзге де шотқа ақшаны есепке жатқызу жөніндегі нұсқауды орындауды бенефициардың банкі нұсқауды алған күнгі операциялық күннің ішінде жүзеге асырады. 3. Осы баптың нормалары: 1) инкассолық өкім арқылы берілген; 2) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын; 3) валюталаудың алдағы күні көрсетілген; 4) негізге алынып халықаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы мəмілелер бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылатын; 5) тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеке сауда орнынан сатып алу үшін электрондық төлем құралдарын пайдаланған кезде немесе электрондық сауданы жүзеге асырған кезде клиенттің келісімі түрінде берілген; 6) бенефициар мемлекеттік мекеменің азаматтыққұқықтық мəмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарлама берген кезде орындалуға жататын нұсқауларды орындауға қолданылмайды. Осы нұсқауларды орындау мерзімдері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарында белгіленеді. 4. Нұсқауды орындаудан бас тартуды ақша жөнелтушінің банкі бас тарту себептерін көрсете отырып, нұсқауды алған күнгі операциялық күннің ішінде жасайды. 49-бап. Валюталау күні көрсетілген нұсқауды орындау 1. Төлем құжатында көрсетілген валюталау күні төлем құжатының үзінді көшірмесі жасалған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспауға тиіс. 2. Валюталау күні көрсетілген нұсқауды орындау кезінде ақша жөнелтушінің ақшасы ақша жөнелтуші банкінің ішкі баланстық шотына (транзиттік шотына) аударылады. 3. Ақша жөнелтушінің ақшасын ақша жөнелтуші банкінің арнайы транзиттік шотына аудару клиенттің нұсқауын орындау үшін осы Заңда белгіленген мерзімдерде, бірақ осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында айқындалған мерзімдерден кешіктірілмей жүзеге асырылады. 4. Ақша жөнелтуші банкінің арнайы транзиттік шотынан ақша аударуды ақша жөнелтушінің банкі осы баптың 5-тармағында айқындалған тəртіппен бенефициар банкінің ақшаны бенефициардың банктік шотына есепке жатқызуына мүмкіндік беретін уақытты ескере отырып, төлем құжатында көрсетілген валюталау күнінен кешіктірмейжүзеге асырады. 5. Бенефициардың банкі ақшаны бенефициардың банктік шотына валюталау күнімен айқындалған операциялық күн ішінде есепке жатқызады. Егер валюталау күні жұмыс істемейтін күнге сəйкес келсе, онда бенефициардың банкі ақшаны валюталау күні деп айқындалған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні бенефициардың банктік шотына есепке жатқызады. 6. Төлем құжатында көрсетілген валюталау күніне сəйкес келмейтін операциялық күні ақша бенефициардың банктік шотына есепке жатқызылған кезде валюталау күні көрсетілген нұсқау шарттарын бұзған банк банктік шот шартында айқындалған тəртіппен жауаптылықта болады. 50-бап. Нұсқауды кері қайтару жəне орындауды тоқтата тұру 1. Нұсқауды кері қайтару жəне нұсқауды орындауды тоқтата тұру бастамашы ақша жөнелтушінің банкіне жіберген тиісті өкімінің негізінде оны орындағанға дейін жəне (немесе) ақша жөнелтушінің банкі бенефициарға төлемді оның пайдасына қабылдау туралы ақпаратты жібергенге дейін жүзеге асырылады. Кері қайтару туралы өкімді орындау мерзімі, сондай-ақ оны беру тəсілі шартта жəне (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 2. Нұсқауды кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы өкімді электрондық тəсілмен жіберу кезінде осы өкімдердің бастамашысы мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленген қорғау əрекеттерінің тəртібі сақталады. 3. Нұсқауды кері қайтару туралы өкім уақтылы алынған кезде ақша жөнелтушінің банкі осы нұсқау бойынша ақша аударуды жүзеге асырмайды жəне оны осындай өкімді алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей, бір мезгілде бастамашыға алынған өкімнің орындалғаны туралы хабарлама жібере отырып қайтарады. 4. Нұсқауды орындау Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер ақша жөнелтушінің банкіне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес банктік шоттағы ақшаға тыйым салу, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы акт, ақша жөнелтушінің банктік шотында немесе ақша жөнелтушінің банкінде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уəкiлеттi мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның шешiмi жəне (немесе) өкімі, сондайақ Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес осы нұсқаудан бұрын орындалуға жататын, ақша жөнелтушiнің ақшасын алып қою туралы уəкiлеттi мемлекеттік органның, лауазымды адамның немесе сот орындаушысының шешiмi берілсе, тоқтатыла тұрады. Ақша жөнелтушінің банкі жоғарыда көрсетілген негiздер бойынша нұсқауды орындауды тоқтата тұруға байланысты залалдар үшiн жауаптылықта болмайды. 5. Осы Заңның 25-бабының 10-тармағына сəйкес «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы банктер мемлекеттік органдарға, соттарға мəліметтер мен ақпарат берген төлемдерді бюджетке төлеуге жəне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша нұсқауды кері қайтарып алуға жəне нұсқаудың орындалуын тоқтата тұруға жол берілмейді. 6. Төлемді жүзеге асыруға, нұсқауды беруге жəне орындауға, банктің бенефициарға ақшаны беруіне немесе бенефициардың ақшаныалуынаҚазақстан Республикасының заңдарымен өзіне уəкілеттік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар тыйым салуы жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша ғана тыйым салынуы мүмкін. 51-бап. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін орындау 1. Ақшажөнелтушімен ақшажөнелтушінің банкі арасында айқындалған шарттарда ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін ақша жөнелтуші белгіленген күні жəне (немесе) кезеңде бенефициардың пайдасына тұрақты төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдаланады. 2. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімінің нысанын жəне мазмұнына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. 3. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі ақша жөнелтушінің банкі айқындаған тəртіппен қағазжеткізгіште не электрондық нысанда ресімделуі мүмкін. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі қолданысының күшін жою үшін ақша жөнелтушінің банкі айқындаған тəртіппен ресімделген тиісті хабарлама ақша жөнелтушінің банкіне жіберіледі. 4. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімінде ақша жөнелтуші ақысын төлеуді ақша жөнелтушінің банкіне тапсыратын ақша жөнелтушінің ақшалай міндеттемесін растайтын бенефициар құжаттарының (растайтын құжаттар) атауы көрсетілуі мүмкін. 5. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімінің шарттарына сəйкес немесе ақша жөнелтушінің банкі растайтын құжаттарды алған кезде ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен ақша жөнелтушінің атынан төлем тапсырмасын қалыптастырады. 52-бап. Нұсқауды банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы орындау 1. Ақша жөнелтушінің банктік шотын тiкелей дебеттеу: 1) ақшажөнелтушi мен ақшажөнелтушінің банкi арасында жасалғанжəне ақшажөнелтушінің ақшалай міндеттемелерін орындау мақсатында берілген талаптарды орындау үшін негіз болып табылатын шартқа; 2) ақшажөнелтушi мен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған, қарыз (қарыз шарты, кредиттік желіні ашу туралы келісім немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжат) бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін негіз болып табылатын шартқа сəйкес қойылатын төлем талабын не төлем ордерін пайдалана отырып, ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығаруға берген оның алдын ала келісімі негізінде жүзеге асырылады. 2. Ақша жөнелтушi мен ақша жөнелтушінің банкi арасындағы шартта бенефициардың төлем құжаттарын орындауға ақша жөнелтушінің алдын ала келісімі көзделеді жəне бенефициардың (атауы, сəйкестендіру нөмірі) жəне шарттың (нөмірі, күні) деректемелері көрсетіледі, осыған сəйкес ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру үшін бенефициар төлем талабын пайдаланады. Ақша жөнелтушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттарды көрсете отырып, ақша жөнелтушінің банкіне өтініш беруіне жол беріледі. 3. Қарыз шартында, кредиттікжеліні ашу туралыкелісімде немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатта ақша жөнелтушінің қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу туралы талап қойылған кезде өзінің банктік шотынан ақшаны алып қоюға келісімі қамтылуға тиіс. 4. Қарыз бойынша берешекті өндіріп алуға арналған төлем талабын қоюды қоспағанда, ақша жөнелтушінің ақшалай міндеттемесін растайтын бенефициардың құжаттары, егер осындай талап олардың арасындағы шартта көзделсе, төлем талабын қойған күннің алдындағы операциялық күннен кешіктірілмей ақша жөнелтушіге жіберіледі. 5. Ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 6. Төлем талабының немесе төлем ордерінің негізінде банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақша алып қоюдың негізділігі үшін бенефициар жауапты болады. 53-бап. Нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде нұсқауды орындау 1. Қазақстан Республикасының заңнамасында не ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта сақталуы көзделген нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақша жөнелтушінің банкі алынған нұсқауларды қабылдауға жəне бір жыл бойы сақтауға міндетті. 2. Бенефициар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген қажетті құжаттар мен мəліметтерді ұсынужөніндегі əрекеттердіжасамаған кезде бенефициардың банкі жөнелтушіден алынған нұсқауларды қабылдауға жəне күнтізбелік бір жүз сексен күн бойы сақтауға міндетті. Бенефициар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген əрекеттерді орындамаған жағдайда, бенефициардың банкі күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде мұндай нұсқауларды жөнелтушісіне орындамай қайтаруға міндетті. 3. Ақша жөнелтуші банкінің осы баптың 1-тармағында көзделген нұсқауларды орындауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нұсқауларды орындау кезектілігінің сақталуы ескеріле отырып, олардың банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға келіп түсу тəртібінде күнтізбелік кезектілікпен жүргізіледі. Күнтізбелік кезектілік ақша жөнелтушінің банкіне нұсқаулардың келіп түсу күні мен уақытын көздейді. 4. Егер осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін ақша жөнелтушінің ақшасы жеткіліксіз болғаннан немесе болмағаннан жөнелтуші берген нұсқау орындалмаса, онда ақша жөнелтушінің банкі, инкассолық өкімді қоспағанда, мұндай нұсқауды жөнелтушісіне орындамай қайтаруға міндетті. 5. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды қайта құрылымдау кезеңінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін олар бойынша міндеттемелерді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тоқтата тұрған жəне қайта құрылымдаужоспарында бар нұсқаулардықабылдайды жəне сақтайды. Банкті немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерінжүзеге асыратын ұйым мұндай нұсқауды жөнелтушісіне орындамай қайтаруға міндетті. Міндеттемелері тоқтатыла тұрмаған жəне қайта құрылымдау жоспарына енгізілмеген нұсқаулар осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған тəртіппен орындалады. 54-бап. Сот актісін жəне сот орындаушысының қаулысын орындау 1. Қазақстан Республикасы сотының ақша өндіріп алу туралы сот актісі, сондай-ақ сот орындаушысының жеке тұлғаның, заңды тұлғаның банктік шоттарының, сондайақ заңды тұлға құрмай кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының бар екендігі жəне нөмірлері туралы ақпаратты талап етіп алдыру жəне борышкердің банктегі ақшасына тыйым салу туралы сот санкция берген қаулысы не оның атқарушылық іс жүргізу органының аумақтық бөлімінің мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куəландырылған көшірмесі, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық банктерге ұсынылады. 2. Банк, банк операцияларыныңжекелеген түрлерінжүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде көрсетілген құжаттардыалған күннен бастап операциялық үш күн ішінде сотқа (сот орындаушысына) «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес қажетті мəліметтерді жіберуге міндетті. 3. Сот (сот орындаушысы) банктерден көрсетілген мəліметтерді алып, ақшаны өндіріп алу туралы сот актісін орындау жөніндегі міндет жүктелетін банкті (банктерді) айқындайды жəне мұндай банкке (банктерге) тиісті атқарушылық құжатты не соттың мөрімен куəландырылған көшірмесін қоса бере отырып, нұсқауды жібереді. 4. Егер сотта (сот орындаушысында) ақшаны өндіріп алу жүргізілуге тиіс тұлғаның банктік шотында ақшаның бар екендігі туралымəліметтер болса, онда сот орындаушысының тиісті атқарушылық құжат қоса берілген нұсқауы тікелей тиісті банкке орындау үшін беріледі. 5. Соттың (сот орындаушысының) жеке жəне заңды тұлғаның жəне (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кəсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар екендігі жəне нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы ақпаратты талап етіп алдыруы, сондайақ борышкердің банктегі ақшасына тыйым салу қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысандажүзеге асырылады. 10-тарау. ТӨЛЕМДЕРДІ ЖƏНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫН АЯҚТАУ 55-бап. Төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын аяқтау 1. Егер төлем қолма-қол ақша пайдаланыла отырыпжүзеге асырылса, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға не бенефициар уəкiлеттік берген тұлға ақшаны алған кезде төлем аяқталады. 2. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, төлем құжатын беру арқылы жүзеге асырылса, онда пайдасына төлемжасалатын тұлға ақшаны алған кезде төлем аяқталады. 3. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, ақша аударымы арқылы жүзеге асырылса, онда: 1) бенефициардың пайдасына ақша түскен кезде оның банктік шоты бойынша бухгалтерлік жазба жасау; 2) егер бенефициардың банктік шоты болмаса, бенефициардың банкі бенефициарға қолма-қол ақшаны нақты беруі; 3) осыЗаңның 46-бабының 9-тармағында көзделген есепке жатқызуды жүргізу; 4) бенефициардың пайдасына ақшаның қабылданғанын көрсететін өзге де шот бойынша бухгалтерлік жазба жасау арқылы ақша аударымы аяқталған кезде төлем аяқталады. 4. Ақшалай мiндеттеме немесе ақша төлеу туралы бұйрық қамтылатын төлем құжатын (чекті, вексельді) беру арқылы қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру кезінде осы төлем бойынша міндеттемелерді орындау бенефициар чек, вексель бойынша ақша алған кезде аяқталады. 5. Егер төлем электрондық ақша беру арқылы жүзеге асырылса, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға электрондық ақшаны алған кезде төлем аяқталады. Электрондық ақша жүйесінде қабылданған электрондық ақшаның, оның басқа тұлғаның - бенефициардың пайдасына түскендігін куəландыратын сомасы туралы ақпараттың көрсетілуі электрондық ақшаны алу кезі болып табылады. 56-бап. Рұқсат етілмеген төлемдер 1. Егер төлемді жасауға өкiлеттiгi бар тұлға осы төлемді жүргізсе жəне ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, рұқсат етілген төлем болып табылады. Төлем ақша аударымы арқылы жүзеге асырылған жағдайда, егер ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау əрекеттерінің белгіленген тəртібін сақтай отырып қабылдаған кезде де, төлем рұқсат етілген болып табылады. 2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылған төлем жəне (немесе) ақша аударымы рұқсат етілмеген болып табылады. Жалған төлем құралдарын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер немесе ақша аударымдары да рұқсат етілмеген төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне (немесе) нұсқау бастамашысы мен оны алушы арасындағы жəне нұсқауларға немесе бастамашының оларды керi қайтарып алу туралы өкiмдерге бастамашылық ету (рұқсат ету) туралы деректердi тексеруге жəне ықтимал қателердi анықтауға жасалған шартта белгiленген тиiстi нормаларды сақтау рұқсат етілмеген төлемдерден жəне (немесе) ақша аударымдарынан қорғау болып табылады. 4. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе ақша жөнелтуші төлемдерді электрондық төлем құралдарының көмегімен жүзеге асыру кезінде рұқсат етілмеген төлемдерден қауіпсіздік рəсімдерін орындауды қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік рəсімдеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 5. Қорғау əрекеттерінің элементтері ретінде уəкілетті адамның (адамдардың) қолтаңбасы, оның ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбасы, мөрлер, алгоритмдер, кодтар (цифрлық, символдар қолданылатын əріптік жəне аралас), сəйкестендіруші сөздер немесе сəйкестендіру кодтары, шифрлау, биометрикалық деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғаудың өзге де тəсілдері пайдаланылуы мүмкін. 6. Қауіпсіздік рəсімдері төлемдерге жəне (немесе) ақша аударымдарына қатысушылар арасындажасалған шарттарда жəне (немесе) электрондық құжаттар беру жүзеге асырылатын электрондық құжаттар алмасу жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді. 57-бап. Төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша ақшаны қайтару 1. Ақша аудару кезiнде ақшаны қайтару: 1) ақша аудару арқылы жүзеге асырылатын төлемнiң рұқсат етілмегендік фактiсi анықталған; 2) қате нұсқау орындалған жағдайларда жүзеге асырылады. 2. Егер нұсқауда: 1) алдыңғы жөнелтушіден алынған нұсқаудың деректемелеріне сəйкес келмейтін деректемелер болса; 2) қайталап берілген болса, бастамашы жіберген нұсқау қате болып табылады. 3. Қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі бенефициардың көрсетілген ақша есепке жатқызылған банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қоюы арқылы жүзеге асырады. 4. Қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі осы факт анықталған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей бенефициардың банктік шотындағы ақша есебінен, оның ішінде, егер банктік шот бойынша банктік шоттағы ақшаға тыйым салу жəне (немесе) мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілержəне (немесе) уəкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері жəне (немесе) өкімдері жəне (немесе) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда, жүзеге асырады. 5. Бенефициардың банктік шотында ақша жеткіліксіз болған не болмаған жағдайларда, қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны қайтаруды қате нұсқауға немесе рұқсат етілмеген төлемге жəне (немесе) ақша аударымына жол берген жөнелтуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тəртіппен жəне мерзімдерде өз ақшасы есебінен жүзеге асырады. 6. Ақшаны қайтару қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем жəне (немесе) ақша аударымы орындалған күннен бастап үш жыл өткен соң жүргізілмейді. 7. Ақшаны қайтарған кезде ақша аударуға қатысатын əрбір жөнелтушінің қате нұсқауға немесе рұқсат етілмеген төлемге жəне (немесе) ақша аударымына жол берген ақша аударуға қатысушының (оның ішінде делдал банктің) ақшасы есебінен осындай ақша аударымына байланысты жəне ақшаны қайтару салдарынан шеккен нақты шығыстарды өтетуге құқығы бар. 8. Қате немесе рұқсат етілмеген төлемдер жəне (немесе) аударымдар бойынша ақшанықайтару тəртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 58-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 1. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер нұсқауда көрсетілгеннен басқа бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда көрсетілгеннен басқа сомаға жасалған төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқаудан негізсіз бас тартқаны немесе оны уақтылы орындамағаны не нұсқауды тиісінше орындамағаны үшін төлемге жəне (немесе) ақша аударымына қатысушылар өздерінің арасындағы шартта жəне Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тəртіппен жəне мөлшерлерде жауаптылықта болады. 2. Егер нұсқау орындалмаса, онда алдыңғы жөнелтушіден алынғаннұсқаудыорындамағаннемесе тиісінше орындамаған көрсетілетін төлем қызметтерін беруші (оның ішінде делдал банк) оның алдында жауаптылықта болады. Егер ақша аударымы бенефициар банкінің кiнəсiнен орындалмаса, ақша жөнелтуші азаматтық-құқықтық мəміле бойынша бенефициардың алдында төлем бойынша жауаптылықта болмайды. 3. Егер ақша аударымдарын жасау қағидаларын бұзу төлемге жəне (немесе) ақша аударымына қатысушының басқаның ақшасын құқыққа сыйымсыз пайдалануымен байланысты болса, мұндай қатысушы ақшасын құқыққа сыйымсыз пайдаланған тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тұрақсыздық айыбын төлейді. 4. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші, егер ол төлемді жүзеге асыру кезінде қорғау əрекеттерінің тəртібін сақтамаса, бірақ бұл ретте бенефициар ақшаны: 1) нұсқауда айқындалған; 2) бенефициар үшiн қолайлы мерзiмде; 3) нұсқауда айқындалған сомада алса; 4) егер ақша жөнелтушiге де, бенефициарға да нұқсан (залал) келтiрiлмесе, жауаптылықта болмайды. 5. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілерді, уəкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдерін жəне (немесе) өкімдерін, банктік шот бойынша ақшаға тыйым салу туралы актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сотының ақшаны өндіріп алу туралы сот актілерін, жеке тұлғаның жəне заңды тұлғаның банктік шоттарының, сондай-ақ заңды тұлғаны құрмай кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының бар екендігі жəне нөмірлері жөніндегі ақпаратты талап етіп алдыру туралы сот орындаушысының қаулыларын бұзғаны не орындамағаны үшін төлемге жəне (немесе) ақша аударымына қатысушылар Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тəртіппен жəне мөлшерлерде жауаптылықта болады. 59-бап. Өтпелі ережелер 1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банк жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген төлем құжаты жасалған қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сəйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабына теңестіріледі жəне осы Заңда айқындалған тəртіппен орындалуға жатады. 2. Көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ төлем жүйелерінің операторлары осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай ішінде өз қызметін оның талаптарына сəйкес келтіруге тиіс. 3. Осы Заңның 5-бабының 5 жəне 6-тармақтарында көзделген талаптар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылады. 4. Осы Заңның 13-бабының 6-тармағы, қашықтан қол жеткізу жəне (немесе) электрондық терминалдар арқылы көрсетілетін электрондық төлем қызметтеріне арналған тарифтерді қоспағанда, көрсетілетін қызметтерді беруші алатын комиссиялардың барлық түріне қолданылады. 60-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң: 1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 32-баптың 6-тармағын жəне 35-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацын; 2) 2017 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 8, 9 жəне 10-тармақтарын, 47 жəне 48-баптарын; 3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 35-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацын; 4) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 2-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. 46-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мен 5-тармағының бірінші бөлігі жəне 59-баптың 4-тармағы 2017 жылғы 1 маусымға дейін қолданылады. 3. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 26 шілде № 11-VІ ҚРЗ