Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Еуропа тұрғындары 27 жылда алғаш рет күннің толық тұтылғанын көрді

АСТАНА.KAZINFORM - Күннің тұтылуы Еуропа жұртшылығының қызығушылығын тудырды. Бірнеше рет қайталанған құбылыс әлеуметтік желілер арқылы кең тарады, деп хабарлайды агенттіктің Брюссельдегі тілшісі.

Жители Западной Европы впервые за 27 лет увидели полное солнечное затмение
Фото: БелТА

Еуропалықтар 12 тамыз күні Батыс Еуропада күннің толық тұтылғанын бақылады. Бұл 1999 жылдан бері алғаш рет қайталанып тұрған құбылыс. Келесі күннің тұтылуы 2027 жылдың тамызында қайталануы мүмкін.

Күн тұтылуының толық фазасы Гренландия, Исландия, Испания және Португалияның шағын аймақтарында көрінді.

Құрлықтың қалған бөлігінде жартылай тұтылу байқалды. Күн тұтылуының 90%-ы Францияның солтүстігінде, Бельгияда және Германияда көрінді. Жалпы фазаның максималды ұзақтығы Исландия жағалауында 2 минут 18 секундқа жетті. Испанияда күн дискісі күн батуға жақындағанда толығымен жасырынып, құбылысқа ерекше көркем көрініс берді - аспан алтын және қызыл реңге боялды.

Жители Западной Европы впервые за 27 лет увидели полное солнечное затмение
Фото: South China Morning Post

Еуропаның ірі қалаларында ай күннің бетін 99 пайызға дейін жауып тұрды: Лондонда шамамен 91 пайыз, Парижде 92 пайыз және Берлинде шамамен 85 пайыз.

Сондықтан миллиондаған еуропалықтар көшелерге, алаңдарға, төбелерге, жағалау сызықтарына және арнайы ұйымдастырылған көру орындарына шықты.

Исландияда туристерді тасымалдайтын круиз кемелері батыс жағалауға жақындады.

Жители Западной Европы впервые за 27 лет увидели полное солнечное затмение
Фото: Al Jazeera

Ғалымдар күннің тұтылғанын арнайы көзілдірік арқылы көруге кеңес береді.

Офтальмолог және Францияның Ұлттық Офтальмологтар Одағының (SNOF) президенті доктор Винсент Дедес сейсенбі күні BFMTV арнасында күннің тұтылуы кезінде көздің қарашығы тым осал болатынын түсіндірді.

-Көлеңке аймағында болған кезде, қарашығыңыз кең ашылып, жарық энергиясының көп мөлшерін жібереді. Бұл көз торын ауыртпай күйдіреді, себебі оның сезімтал сенсорлық жүйесі жоқ. Егер зақым аз тисе, қалпына келтіру мүмкін, бірақ белгілі бір уақытта ол қайтымсыз, біз қазіргі уақытта көз торын қалай қалпына келтіру керектігін білмейміз, - деді ол.

Нәтижесінде, еуропалық дәріханаларда сертификатталған көзілдірікке сұраныс жоғарылады. Көзілдірігі жоқтарға күннің тұтылуын әлеуметтік желі арқылы көруге кеңес берілді.

Жители Западной Европы впервые за 27 лет увидели полное солнечное затмение
Фото: The Guardian

Еуропалықтар сертификатталған көзілдірік, сүзгісі бар телескоптар және проекция әдістерін пайдаланды.

Толық фаза кезінде аспанның қараңғыланып, «күн тәжі» пайда болғанын көруге болады. Кейбір аймақтарда ауа температурасы төмендеп, құстар мен жануарлар күн батқандағыдай әрекет етті.

Келесі күннің тұтылуы бір жылдан кейін - 2027 жылдың 2 тамызында болады. Оның толық фазасын Испания мен Солтүстік Африканың оңтүстігінен де көруге болады. Қазақстанда ішінара көріністер болады. Қазақстан арқылы өтетін толық күннің тұтылуы 2060 жылдың сәуірі кезінде болады.

Бұған дейін күн тұтылуына байланысты Майоркада төтенше жағдай жарияланып, аралға әскер жіберілген болатын.