Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін сағат 12:00–де ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар автожолда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіліп, жабылды.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО-да республикалық маңызы бар келесі жолдар жабылды:

 — «Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-158 шақырым аралығындағы учаскесі (Казатловка елді мекенінен Жәнібек елді мекеніне дейін);

— «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-201 шақырым аралығындағы учаскесі (Чапай елді мекенінен Казталовка елді мекеніне дейін);

— «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автомобиль жолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскесі (Орал қаласынан РФ шекарасына дейін);

Жолды 2026 жылғы 4 қаңтар сағат 20:00–де ашу жоспарланған.

Бұдан бұрын Алматыда әуе рейстері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар