Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан облысы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

ҚазАвтоЖолдың дерегінше, 21 желтоқсан күні сағат 20:00-ден бастап «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-393 шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Жымпиты ауылынан Барбастау ауылына дейін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі.

Жол қозғалысын 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда тағы бір жолда көлік қозғалысы шектелген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум