17:16, 04 Қаңтар 2026 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды
ОРАЛ. KAZINFORM - ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бір облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2026 жылғы 04 қаңтар сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» 273-393 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін);
Республикалық маңызы бар «Подстепное—Федоровка—РФ шекарасы (Ақсай б/п)» 0-36 шақырым аралығында (Подстепное ауылынан Федоровка ауылына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 04 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
Еске салсақ, осыған дейін Астана әуежайы рейстердің кешігуіне қатысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.