Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда 11 мыңға жуық тұрғын әкімшілік айыппұлдан құтылды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында 11 мыңға жуық азамат әкімшілік айыппұл төлеуден босатылды.

заң қабылдады
فوتو: ۆيكتور فەديۋنين/kazinform

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, нәтижесінде жалпы сомасы 350 миллион теңгеден асатын 17 500-дей әкімшілік жаза бойынша өндіріп алу шаралары тоқтатылды.

Бұл көптеген отбасылардың қалтасына түсетін салмақты жеңілдеткен маңызды қадам болғаны анық.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай амнистия туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Осыған орай Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет әкімшілік амнистия өткізіліп жатыр.

Ең алдымен бұл кешірімнің өз ережесі бар. Амнистия жаппай бәріне бірдей қолданылмайды. Ол тек заңда нақты көрсетілген баптарға ғана қатысты және қоғамның қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төндірмейтін, өзге азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмейтін жағдайларда ғана іске асады.

- Тәртіп сақшылары бұл шараның маңызды бір шартын еске салады: амнистия – бір реттік ізгілік шарасы. Бұл кешірім алған азаматтар алдағы уақытта «тағы да заң бұзсам, кешіріледі» деп ойламауы тиіс. Амнистия болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер азамат дәл осындай немесе басқа да заң бұзушылықты қайталап жасаса, ол заң талаптарына сай толық жауапкершілікке тартылатын болады, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда экология саласында 115 заң бұзушылық анықталғанын жазған едік.