Батыс Қазақстанда ауыл әкімі рульге масаң күйде отырған

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында ауыл әкімінің рульге масаң күйде отырғаны белгілі болды.

мас жүргізуші
Фото: Pexels

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен Чапаев ауылы маңында көлік құралын алкагольдік масаң күйде басқарған жүргізуші анықталған. 

— Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды, — деп хабарлады ведомстводан.

БҚО сотының баспасөз қызметі істің сотқа түскенін жеткізді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы шенеуніктің көз жұмғанын жазған болатынбыз.