Батыс Қазақстанда бұқтырылған киік еті экспортқа шыға ма

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында «Кублей» кәсіпорны консервіленген киік етін өндіруді жолға қойды. Осыған орай Kazinform тілшісі жұмыс барысын білген еді.

ет комбинаты
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

«Кублей» ЖШС директорының орынбасары Зәуре Берекешеваның мәлім еткеніндей, 2025 жылдың желтоқсанынан бері 350 мың данадай бұқтырылған киік еті консервісі шығарылған.

Зәуре Талғатқызының сөзіне қарағанда, кез келген ет өнімін бұқтырудың технологиялық процесі әдеттегідей, оған сүйектен етті сылып алу кіреді, яғни ет сүйек пен сіңірден ажыратылады.

- Содан кейін ет банкіге герметикалық тығындалады, сосын 120℃ термпературада 60 минут бойы стерилизациядан өткізіледі. Киік етіне басқа қандай ингедриенттер қосылады дегенге келсек, әдетте пияз, тұз, бұрыш және лавр жапырағы қолданылады, - дейді З.Берекешева.

Оның айтуынша, қазіргі кезде бұқтырылған киік еті жергілікті нарықта сатылып жатыр. Сонымен қатар Қазақстанның барлық облысына, Астана мен Алматы қалаларына жөнелтілген.

- Бүгінде уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге консервіленген киік етін көршілес елдерге экспортқа шығару мүмкіндігі қарастырылып жатыр, - деп қосты З.Берекешева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда консервіленген киік еті сатылымға шығатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда киік етін өңдеу кешенін салу көзделіп отыр.

БҚО-да заңды түрде сойылған киік мүйізі қайда кетіп жатқаны жазылды.

Соңғы жаңалықтар