Батуттық гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан құрамасы қола алды

АСТАНА. KAZINFORM - Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттық гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті.

Батуттық гимнастика
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Дүбірлі додада синхронды секіруден аралас жұптық сайыста Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина қола алды. Олар 49.68 ұпай еншіледі.

Бұл сайыста Жапония құрамасы топ жарса, күміс бейтарап мемлекет өкілдеріне бұйырды.

Әлем Кубогына жалпы 14 елден 60-тан астам атлет қатысып жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде топ жарды.

Ұлттық құраманың өкілі еркін жаттығуларда финалда 13.900 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар