«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» күрежолының Қызылорда облысы аумағында 15 көпір қайта салынады

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қазіргі күндері құрылысы қызу жүріп жатқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда облысы аумағындағы бөлігінде 15 көпір қайта жаңартылып салынатын болып отыр.
None
None

Бұдан бөлек бұл маңда тағы 87 су өткізетін құбыр орналастырылмақшы.

Сарапшылар осынау жолдың табаны болғалы тұрған бұрынғы жол атымының 132 шақырымындағы алғашқы қабатты қыршып алып тастауға ұйғарым жасады. Аталмыш құрылыс жұмыстарына бүгінде 593 түрлі техника шоғырландырылып, сол төңіректе 1518 адам еңбек етуде. Оның 80-і шетелдік маман, 634-і басқа облыстардан бірге жұмыс істеп келе жатқан жұмысшы-қызметкерлер болып табылады. Қалғаны жергілікті тұрғындармен толықтырылған. Осы компаниямен қатар жол құрылысында тағы да 3 бас мердігер ауқымды бағдарламаның жүзеге асуына қызмет жасауда.

Соңғы жаңалықтар