«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру мақсатында Азиялық Даму Банкімен Заем туралы келісімге қол қойылды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Азиялық Даму Банкімен Заем туралы келісімге қол қою рәсімі өткізілді. ,Келісімге ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Азиялық Даму Банкінің вице-президенті Шаою Жао қол қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азиялық Даму Банкі (АДБ) 323 шақырым жолды қайта салуға 700 млн. АҚШ долларын 3 транш бойынша бөледі. Бұдан бұрын 2009 жылғы  наурыздың 30-ында Қазақстан Республикасы мен АДБ арасында І транштың аясында сомасы 340 млн. АҚШ доллар Заем туралы келісімге қол қойылған болатын.

ІІ транш бойынша бөлінетін 187 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаражат Қазақстандағы ең ірі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік жобасын жүзеге асыруға жұмсалады. Оның ішінде «Тараз - Қордай» автожолының Аспара кенті - Қазақ кенті аралығындағы ұзақтығы 79 шақырым учаскесін қайта салуға жұмсалады.

Цемент-бетонды жамылғы төсейтін құрылыс жұмыстары ІІ техникалық санаттағы жолдарды қайта салу арқылы 4 жолақты қозғалысқа арналған І санатқа жеткізіледі.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді нақты орындау болып табылады. Қытай Халық Республикасы шекарасынан басталатын көлік дәлізінің Қазақстан арқылы өтуі Қытай ғана емес, Азияның басқа елдеріне де Еуропаға шығатын ең тиімді мүмкіндігін ашып отыр.

 Жобаның құны 825,1 млрд. теңге, оның ішінде  республикалық бюджет арқылы - 136 млрд. теңге, Халықаралық қаржы институттарының займдық қаражаттары - 422,5 млрд. теңге, жекеменшік секторының (концессионерлердің) қаржысы - 266,6 млрд. теңге.

Сол күні ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев және Азиялық Даму Банкінің вице-президенті Шаою Жао «Бейнеу - Ақтау» жобасын қаржыландыру мәселесін талқылады.

2009 жылғы қазан айында Қазақстанда, оның ішінде «Бейнеу - Ақтау» учаскесінде болған АДБ өкілдері Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге грант және жүзеге асыруға займ бөлуге әзір екендігін хабарлаған. 

Соңғы жаңалықтар